Мақала
Алма Айдар. "Оазис" фильмінің тақырыптық ерекшелігі
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен 2-ақпан күні белгілі жазушы, драматург, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының професоры Смағұл Елубаев пен кинорежиссер Бекарыс Елубаевтың бірлескен туындысы «Оазис» фильмінің көрсетілімі өтті.
Бөлім: Кино
Датасы: 04.02.2018
Мақала
Алма Айдар. "Оазис" фильмінің тақырыптық ерекшелігі
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен 2-ақпан күні белгілі жазушы, драматург, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының професоры Смағұл Елубаев пен кинорежиссер Бекарыс Елубаевтың бірлескен туындысы «Оазис» фильмінің көрсетілімі өтті.
Бөлім: Кино
Датасы: 04.02.2018
Алма Айдар. "Оазис" фильмінің тақырыптық ерекшелігі

Алма Айдар

кинотанушы, PhD


Кино өнері қоғамдағы орын алып
жатқан түрлі құбылыстардың, ой-пікірлердің, көңіл-күйдің ретрансляторы қызметін
атқарады. Алайда, қоғамда орын алып жатқан үрдіс дер кезінде көкейкестілігін
жоғалтпай экран пердесінен табыла бермейді. Қазақ киносының тәуелсіздігі
қарсаңында пайда болған «Қазақ жаңа толқыны» әлемдік кинематографта ірі
көркемдік құбылыс ретінде орын алды. Оның басты ерекшелігі қоғамдағы көңіл-күй
мен шарасыздық атмосферасын дер кезінде экранға проекциялады. Бірақ, Қазақ
киносы елеулі өзгерістерге ұшырап, бұл үрдіс бәсеңдей түсті.

Соңғы он жылдықта Қазақ киносында
жанрлық және тақырыптық түрлену үрдісі басталды.
Экранға сан алуан жанрлар мен тақытыптарда фильмдер шықты. Ұлттық тарихи
кезеңдер мен тұлғаларымыздың ғұмырын қамтитын, нәубет жылдары туралы фильмдерден
бастап, көңіл көтеруді мақсат еткен комедиялық фильмдерге дейін қамтыды.

Смағұл Елубайдың сценарийімен
түсірілген бұл кино туындысының мазмұны терең, тақырыбы тың. Психологиялық
драма жанрында түсірілген аталмыш киношығарма қазақ қоғамының көкейкесті мәселелеріне
негізделген. Фильмнің оқиғасы екі кейіпкер арасында өрбиді. Бір-біріне мүлдем қарама-қайшы
бейнедегі кейіпкерлер. Әбіл мен Қабыл архетипі деуімізге де болады. Руслан
Алматы қаласының жетімдер үйінде өскен, ата-ана мейрімін көрмеген, жанын адамзатқа
деген ыза мен өшпенділік кернеген, тілі мен дінінен, тамырынан үзілген жас
жігіт. Русланның жүрегіндегі өшпенділік пен қара күштердің басынғаны соншалық
әлемді, өзін жоюға даяр. Көзін шел басып, кие мен қасиеттен қалған Руслан Әнес
әулиенің басындағы киелі ағашты өртеп жібереді. Кейіпкеріміз осындай кеселге
ұшырағанымен оның ішінде екі жақтың күресі жүреді. Ал Мәмбет болса тарихы мен
дәстүрін, тілі мен дінін сақтаған, жүрегі иман мен мейірімге, атамекеніне деген
құрметке толы, ата аманатын орындауға шетелден келген қандасымыз. Бұл
кейіпкерге Мәмбет деген есім берудің өзінде орасан ой жатыр. Мәмбет мына жалған
дүниеде адасып жүрген пендеге жол сілтеуге, құтқаруға келен жарық күш іспеттес.
Өкінішке орай, бүгінгі күні «мәмбет» деген сөзінің мағынасы – ауылдан келген,
мәдениетсіз, көргенсіз сөздерінің синониміне айналып отыр. Мәмбет есімі араб
тіліндегі Мұхаммед, қазақ тілінде сингарманизм заңдылығына ұшырап Мұқамбет, Махамбет,
Мағамбет, Мәмбет болып ауысқан.

Көрермен флешбэк арқылы Руслан
мен Мәмбеттің осы күнге қалай жеткенін көреді. Халық даналығы «Ел болам десең,
бесігіңді түзе» - деп бекер айтпаған. Бейкүнә сәби дүние есігін ашқан күннен
бастап мейрімсіздік пен қатігездікке ұшырап, тағдыр тауқыметін басынан кешіреді.
Руслан бүгінгі қоғамның ықпалынан осындай күйге түскен жан.

Осы қос кейіпкерлердің бейнесі
арқылы қазіргі біздің қоғамның, қазақ халқының үлкен бір қасіретін көреміз. Руслан
өз туған жерінде бола тұра тамырынан үзілген, ал Мәмбет тағдыр тауқыметімен атамекеннен
алшақ өссе де тамыры тереңде жатыр. Өткен ғасырдың 20-жылдары халқымыз екіге бөлініп
қазақ қазаққа қару көтеріп, бір-біріне жау болды. Аласапыран заман туып қалың
қазақ жер ауып кетуге мәжбүр болды. Міне сол аумалы-төкпелі уақыттан бір ғасыр
өтті. Ендігі біздің трагедиямыз екі қазақ баласы жатсынып, бір-бірін түсінбейтін
күн туды.

Фильмде қоюшы-оператор Александр
Рубанов пен қоюшы-суретші Джал Ибрагимовтың да жұмысын ерекше атап өтуге
болады. Ақ пен қараның арпалысын, зұлымдық пен мейрімділікті, өткен мен бүгінді
кино тілінің құралдары арқылы көрсете білген. Фильм толығымен табиғатта (натура)
түсірілген, экранда «адам» және «табиғат». Олар бір жағынан табиғат алдында
дәрменсіз, панасы көк аспан, төсегі қара жер. Табиғат өз қойнауына балаларын
басып алып, барынша қорғағысы келетіндей әсер аламыз. Осы атмосфераны экранда
тудырып отырған оператор мен суретшінің үлесі орасан зор. Шөлді даланың панорамалары,
түрлі ракурстар, жарық пен көлеңкенің құбылуы арқылы көрерменге негізгі ойды
жеткізуге ықпал тудырып отыр. Түсірілім Алматы облысы Жаркент қаласының маңындағы
Ағаш көлінің жағалауында өтті.

Сонымен қатар, фильмнің
атмосферасының ашылуына сазгер Әділхан Байысбаевтың қосқан үлесі де айтарлықтай.
Көркем бейнелік қатарға әуен өзідік динамика беріп отырады. Әуеннің өзі фильмнің
негізгі идеясын толықтыра түседі. Өткеніміз бен бүгініміз бір арнаға түсіп, ұлттық
аспаптардың сүйемелдеуімен «этно-рок» стиліндегі әуен фильмнің мазмұнын
тереңдете түскен.

Оазис - шөл даладағы сулы,
өсімдіктері мен ағаштары бар, құмды шөлде жоғалған жолаушы үшін өлімнен
құтқаратын жұмақ мекен. Руслан мен Мәмбет шөл далада өзіндік бір оазиске түседі.
Руслан үшін – полициядан қашып, пана болған жер болса, Мәмбет үшін – киелі,
қасиетті атамекен. Атасы Әнес әулиенің аманатын орындауға келген Мәмбетке оазис
ол ата дәптеріндегі ілім-білім. Дегенмен хақ оазисті біз фильмнің соңғы көрінісінде
көреміз: мақсатына жеткет Мәмбет түйелер керуенін ертіп алыс көкжиекте сағым
сияқты көрінген алтын күмбезді, азан шақырып жатқан мешітке жол тартады.