Ирина Яреманың "Алғыс айтамын" көрмесі

Көрмеде 40 аса авторлық туындылар ұсынылады. Олар шығармашылығының әр түрлі жылдарында жасалған гобелендер, кескіндемелік шығармалар, графикалық суреттер мен этюдтер.

Нуржамал Нурфеизова

көрме кураторы


2020 жылдың 18 ақпан күні сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінің және Украина мәдени орталығының қолдауымен белгілі қазақстандық суретші, 1970 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Ирина Яреманың шығармашылығына арналған «Алғыс айтамын» көрмесінің ашылуы өтеді. 

Ирина Зеновьевна Ярема 1931 жылы Батыс Украинада дүниеге келген. 1965 жылы Львов мемлекеттік сәндік-қолданбалы өнер институтын тәмамдаған. Оқуын бітіргеннен кейін, Самарқанд жібек-тоқыма фабрикасында маталарды безендіру бойынша суретші болып жұмыс істейді. Ал 1968 жылы ол Алматыға келеді.

Ирина Ярема қазақстандық гобеленді дамытуға айтарлықтай үлес қосты. 1970-1980 жылдары оның динамикалық сызықтардың пластикалық мәнерлілігі мен асыл түстер палитрасының түрлі реңктеріне негізделген үйлесімді жалпыланған-сәндік стилі қалыптасты. Қазіргі уақытта Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші шығармашылығының бастапқы кезеңдеріне жататын «Жартасқа салынған суреттер» 1977, «Бастаулар» 1980, «Неліктен менің жерім?» 1989 сынды, барлығы 14 авторлық гобелен сақтаулы.

1980 жылы бір топ жас қазақстандық суретшілермен бірге үлкен Мемлекеттік тапсырысты – «Қазақстан» биік қабатты қонақ үйіне арналған көлемі 108 м2 болатын «Қазақстан» монументалды гобеленін орындауға қатысты. Осы еңбегі үшін Зеновьевнаға Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1965 жылдан бастап әр түрлі республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге тұрақты түрде қатысады. Суретшінің туындылары Германия, Франция, АҚШ, Ирак, Швеция, Канада, Жаңа Зеландия, Польша, Украина мен Өзбекстанда, Мәскеу және Львов қалаларындағы жеке коллекцияларда сақтаулы.

Суретші әр түрлі жанрда және өнерде жұмыс істейді – кескіндеме, графика, гобелен. Ол пейзаждарды, сәнді композициялар мен натюрморттарды салғанды ұнатады. Күн сәулесіне, жан жылуы мен жағымды энергетикаға толы И.Яреманың шығармалары Қазақстанның шексіз кең даласының жазығы сияқты, Алматы тау бөктері, Ыстықкөлдің көрінісі немесе украиналық орманның жасыл сұлулығын, қоршаған әлемнің Ғаламдық сұлулығын, табиғаттың балғындығы мен тазалығынан аңдаған бақыт пен шаттықты бейнелейді.  

Ирины Яреманың жеке көрмесі көрерменге суретшінің ішкі әлемін ашады, ол адамдарға шығармашылығына көңіл бөлгені және оның бақытты тағдырына ортақтасқаны үшін шынайы ризашылығын білдіреді!

Көрме 25 ақпанға дейін жалғасады.

11 Ақпан 2020
84
0
0