Алматыда "Рухани шабыт" атты Қазақ дәстүрлі өнер фестивалі өтеді

2018 жылы 18 қыркүйекте сағат 15.00-да Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-де даму ерекшеліктері бар жандар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Рухани шабыт» қазақ дәстүрлі өнер фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болады
Алматыда "Рухани шабыт" атты Қазақ дәстүрлі өнер фестивалі өтеді

«Өнердің гүлденуі дегеніміз – халықтың гүлденуі.

Шығармашылық үшін, өнер үшін жасалғандарың бәрі –

                                                        эволюцияның жеңісі».                            Н.К. Рерих.

Халық өнері халықтың материалдық және рухани мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақ халқы қоршаған орта жайлы ғасырлар бойы жиналған көрнекі әсерлердің қорын өз өнерінде іске асырды. Ол – бізге халықтың ежелгі мәдениетін, оның рухани әлемін ашатын тарихи ескерткіш іспетті. Сонымен бірге бұл – жаңадан пайда болып жатқан өнердің жаңа түрлеріне арқау болған көркем қазына. Шығармашылық мұраның сабақтастығы мен сақталуы сияқты факторлар кез келген халықтың мәдениетінің өміршеңдігінің дамуына маңызды шарты болмақ.

Мұндай фестиваль бірінші рет өткізіліп отыр. Фестиваль балалар мен жасөспірімдерді қазақ халық өнерінің алуан түрімен таныстыруды, өнердің дәстүрлі түрлерінің заманауи суретшілердің жұмыстарында қалай көрініп, өзгерістерге түсетінін көрсетуді; ой салатын, өмірді сүюге жетелейтін фильмдер арқылы өзін-өзі дамытуға және өз күшіне сеніп, алға ұмтылуға, батылырақ әрі алға қойған мақсатына ұмтылуға бағыт беруді мақсат етті.

«Рухани шабыт» фестивалінің қатысушыларына арнап, қазақ және орыс тілінде қызықты бағдарламалар әзірленген. Оларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен таныстыратын бай иллюстрациялық материалдарды пайдаланылатын шеберлік сабақтары, экскурсиялар мен дәрістер асыға күтуде.

18 қыркүйекте концерттік бағдарламадан кейін қонақтарды қазақстандық әлеуметтік кино режиссерлары – Азиз Зайыровпен және Мұхамед Мамырбековпен, бас рольді сомдаушы, актер Тахир Умаровпен кездесуге шақырамыз. Кездесу аясында режиссерлар «Бар болу, әлде жоқ болу?» көркемсуретті фильмінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік трилогиясының бірінші бөлімін көрсетуді ойластырып отыр. Фильм сурдоаудармасы бірге ілесе жүреді. Режиссерлар «Қыз бен теңіз» жаңа әлеуметтік фильмін таныстырып, трилогияның «Анашым, мен тірімін» атты үшінші бөлімі туралы баяндайды.

26 қыркүйекте сағат 11.30-да фестивальдің көзі нашар көретін және көрмейтін қатысушыларына тифлотүсіндірмесімен бірге «Бар болу, әлде жоқ болу?» фильмі көрсетіледі.

4 қазанда сағат 15.00-де музей мен даму ерекшеліктері бар жандар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін сауықтырумен айналысатын ұйымдардың одан ары ынтымақтаса жұмыс істейтіндеріне байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін – дөңгелек стол өткізу жоспарда бар.

5 қазанда жобағамқатысушыларға арнап Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жүргізіледі. Шеберлік сабақтары – бұйымдарды бірге жасау үстінде балалар мен жасөспірімдерді тартып, қарым-қатынас орнату үшін орта құру. Әр түрлі материалмен жұмыс істеу жан-жақты қабілеттерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сана-сезімге ерік береді, ақыл-ойды дамытып, психологиялық жағынан жетілдіреді.

Фестиваль «Қазақстан Республикасы тұңғыш  Президенті - Елбасының қоры»  қолдауымен өткізіледі. Фестивальға қош келдіңіздер!

Фестивальдың өтетін уақыты: 2018 ж. 18 қыркүйек – 5 қазан.

Жұмыс уақыты: Сейсенбі-жұма аралығында сағат 10.00-12.00

Өтетін орны: Бейнелеу өнері студиясы, лекторий, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ экспозиция залдары

Демалыс күндері: дүйсенбі, сенбі, жексенбі

Фестиваль жетекшілері: Көбжанова Светлана Жұмасұлтанқызы, Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы,

Жұбаниязова Гүлнар Қуандыққызы +77781187248, E-mail:  gulnar.zhuvaniyazova@mail.ru

Баженова Наталия Александровна + 77472712367 E-mail: natalidpi@mail.ru