Астанада Қазақстанның үздік қолөнершілері жарияланды

Қазақстан Қолөнершілер одағы шебер байқауы мен фестивалінің 10 жылдығын тойлады. 28 қыркүйек, Астана – ҚР Ұлттық мұражайында Қазақстан қолөнершілерінің "ШЕБЕР-2018" атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 10 жыл бойы байқау "Шеврон"компаниясының қолдауымен өтіп келеді.
Астанада Қазақстанның үздік қолөнершілері жарияланды

Биыл 76 өтінім тапсырылып, олардың 27-сі финалға шықты. Жұмыстардың басым бөлігі Түркістан, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Алматы, Тараз және Қапшағай өңірлерінің жас шеберлердің қолымен жасалған. Байқау ұйымдастырушысы Айжан Беккулованың айтуынша, "республикалық байқауға қатысу шеберлердің өнерпаздықтарын дамытуға ынталандыра отырып, өзінің қолданбалы өнер бұйымдарына дәстүрлі сарынмен және ежелгі техникамен бірге заманауи бірегей шешім және өзінің жеке авторлық стилін мен дүниетанымын қосуға мүмкіндік береді".

Байқау жұмыстары өнертанушылар, суретшілер мен бизнес өкілдерінен тұратын сараптама комиссиясымен бағаланды. Қазылар алқасының құрамында сондай-ақ халықаралық сарапшы – белгілі зергер Мартина Демпф (Германия) болды.

Жеңімпаздар он номинацияларда: "Мұрагер" (Живое наследие) – жеңімпаз жоқ, "Жоғарғы шеберлік" (Высокое мастерство) – Көкенов Серікқаллий, Казаков илья, "Асыл ұстаз" (Наставничество) - жеңімпаз жоқ, "Жоғарғы сапа" (Высокое качество) – Юлдабаев Рафаиль, "Жаңашылдық" (Новаторство) – Жилыбаева Кұндыз, Шапабаев Қайрат, "Дарынды бастау" (Начинающий талант) – Лахан Нұржан, Әшімов Диас, "Төлтумалық" (Подлинность) – Бейсбеков Берік, "Экодизайн" - жеңімпаз жоқ, "Ұлттық мәдени бренд" (Казахстанский культурный бренд) – Айдарша Мереке, "Қазақстандық ұлттық кәдесый" (Қазақстандық кәдесый (Қазақстан сувенир) – Қапқызы Тамара, Рысбаев Абайхан және "Озат іскер" (Предпринимательство) - жеңімпаз жоқ жарияланды. Сондай-ақ, шеберлердің өзара пікірінше, 2018 жылының үздік шебері атты марапатына аты - Тұрдығұлов Жолаушы тағайындалып, Қазақстан қолөнершілер Одағының – "ХАС ШЕБЕР" күміс медаліне және сертификатқа ие болды. Бұл 6-ші марапат болып табылады.

Барлық жеңімпаздар Тайландта өтетін World Ikat Textiles Symposium 2018 атты халықаралық фестивалінде қатысуға мүмкіндік беретін оқыту сапарына ие болды.

"Шебер" байқауы "Қолөнер және халық кәсіпшілігінің жаңаруы" атты "Шеврон" компаниясы бастамасымен 2006 жылы жарияланған жобасының ажырамас бөлігі болып табылады. Компанияның өкілі Айнұр Сыдықованың айтуынша, "қолөнерді дамыту жобасы "Шеврон" компаниясының Қазақстандағы 25 жылдан астам жұмыс уақытындағы әлеуметтік инвестициялар бағытындағы жүзеге асырылған елеулі жобаларының бірі болып табылады. Бүгін біз жобаның нәтижелерімен мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, мәдени мұраны сақтауға және қолөнершілердің экономикалық және әлеуметтік мәртебесін өзгертуге өз үлісімізді қостық деп үміттенеміз.

Бағдарлама барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Олардың ішінде ең бастысы - Қазақстан қолөнершілер Одағының құрылуы. Ұжымның жұмысы қолөнершілердің мәртебесін көтеруге, болашақ ұрпақ үшін мәдени және рухани құндылықтарды, тарихи және этнографиялық мұраларды сақтап дамытуға, сондай-ақ, қолөнершілер индустриясын дамытуға бағытталған. Одақ қолөнершілер өнімдерін ассортиментін кеңейту және сапасын арттыру, халықтық қолөнерді дәріптеу және насихаттау мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер өткізеді. Сондай-ақ қолөнершілерінің кәсіби өсуіне және дамытуына бағытталған оқыту және консультациялық қызмет атқара отырып, жәрдемақы, бюллетеньдер, басқа да баспа өнім шығарады.

Іс-шара бағдарламасында финалистер мен жеңімпаздар жұмыстарының көрмесінің ашылуы, белгілі қазақстандық зергер Илья Казаковтың "Бақсылар дыбыстары" атты жаңа күміс әшекейлер коллекциялар шоуы және Алматы суретші Бекқұлова Айжан мен Ақтаулық жетекші шеберлердің бірі Әуес Сагинаевтың бірлескен этникалық киіз киім жұмыстары "Қазақтар теңізжүзушідер болғанда атты көрмесі, сондай-ақ фестивалінің қонағы белгілі қазақстандық этнодизайнер Айдархан Қалиевтың көрмесі өтеді.

Қолөнер фестивалі аясында белгілі дизайнер Ерлан Қожабаевтың Санта-Фе (АҚШ) қаласында өтетін жетекші халықаралық халық қолөнер фестивальдарының бірінде шеберлік-сыныпқа қатысуға негізделген қазақ ою-өрнек семантикасы бойынша лекциясы өтті. Сондай-ақ киіз дайындау, дәстүрлі кестелеу, көзеші шарығында қыш даындау, басқұр тоқу және зергерлік өнер сияқты дәстүрлі қолөнер түрлері бойынша мастер-шоу өтті.

28-30 қыркүйек аралығында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізі 10 жыл аралығында өткен "Шебер"  байқауының және халықаралық "Юнеско сапа Белгісі" (200ден астам бұйымдар) атап өтілген жеңімпаздардың жұмыстар коллекциясы құрады. Мұнда Қазақстанның қазіргі қолданбалы өнердің жай-күйі толық танытатын дәстүрлі қолөнер спектрі және олардың қазіргі заманғы дамуы: киіз, зергерлік өнері, кесте тігу, қыш, ағаштан ою-өрнек жасау, көркем металл өңдеу, тоқыма және дәстүрлі киім-кешегі ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, 29-30 қыркүйек аралығында мұражайдың Атриум залында халықтық дәстүрлі және заманауи қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Қонақтардың назарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған кең ауқымды қолөнер бұйымдары ұсынылатын болады.

2009 жылдан бастап, "Шебер" байқауы осымен оныншы рет өткізіліп жатыр. Байқау қолөнершілер индустриясының саланын дамуын ынталандыруға, талантты және перспективті қолөнершілерді іздеуге, әлдеқашан ұмытылған халық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жандандыруға бағытталған.

Бұл жоба Қазақстан қолөнершілер одағы "Our Heritage" қоғамдық қорының, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің және КҚ "Орталық Азияның Еуразия Қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жоба қолдаушылары:

Шеврон компаниясы;

Nomad Kazakhsatn журналы;

Дизайнер Арман Калибекұлы;

Oner.kz - өнертанымдық порталы;

Думан қонақүй кешені;

Ветер странствий журналы;

Cultural dialogue қоры;

Qoloner Қостанай облысының шеберлер қоры.