Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

22 қаңтар күні Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Өнертану» факультетінің ұйымдастыруымен Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Ә.Тәжібаев-ғалым және драматург» деп аталатын дөңгелек үстел өтті.
Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Кештің алғашқы бөлімінде Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған видео-сюжет көрсетіліп, «Өнертану» факультетінің деканы, өнертану докторы, профессор Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы дөңгелек үстелді ашып, академияның «Шығармашылық және халықаралық қатынастар» жұмысы бойынша проректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Майғазиев Сәкен Қордабайұлына сөз береді.

Дөңгелек үстел жұмысының модераторы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, профессор С.Балғабаев  сөз алып, осыдан 40 жыл бұрын жерлесі Ә.Тәжібаевтың көзі тірісінде 70 жасқа толған мерейтойына ақын ағасына арнап жазған өлеңін оқып берді. Бұдан кейінгі сөз кезегін Ә.Тәжірбаев шығармашылығын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы.  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика» бөлімінің бас ғылыми қызметкері Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы, өнертану кандидаты, «Театр өнері» факультетінің деканы Құлбаев Аман Бекенұлы,  өнертану кандидаты, доцент.  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі Мұқан Аманкелді Оразбайұлы, өнертану кандидаты З.Исламбаева т.б. алып, әдемі естеліктерімен бөлісті.

Кештің екінші бөлімінде «Дәстүрлі ән» мамандандыруының студенті  М.Таңнұрқызы «Майра» әнін, Д.Мұратхан Құдайбергеннің желдірмесін Қ.Утепова «Жас ақынға», Ж.Жаңабаев «Қызық қой жастың мінезі», Т.Есхат «Балаларыма» әндерін орындаса, «Драма театры және кино артисі» мамандануының студенттері А.Амантай,  Д.Дүйсеновтер Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін оқып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Ахмет А.Б.