Жаңа маусымның алғашқы премьерасы

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 74-ші маусымының ашылу салтанаты өтеді. Сонымен қатар, жаңа маусымның алғашқы премьерасы Рэй Кунидің «№13» атты комедиясы көрермендер назарына ұсынылады.
Жаңа маусымның алғашқы премьерасы
Авторы : Рэй Куни
Аударған: Еркін Жуасбек
Қоюшы режиссер: Ержан Қауланов
Адамның бәрі бірдей, ол – саясаткер ме, жоқ әлде, жәй ғана жұмысшы ма,
өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүрер кей сәттерінде кездейсоқ жәйттерге
тап болып жатады. Ондай жағдайдан қалай шығу керек?.. қандай да бір амал
ойлап табатаны анық. Ал, сол амалы көрерменге күлкі сыйласа тіптен ғажап.
Рэй Кунидің «№13» атты комедиялық туындысы кімнің болса да көңілін
бей-жай қалдырмайды. Отқа май құйғандай лезде тұтанған оқиға шиеленістері
көрерменді жалықтырмасы анық.
3 қазан, сағат 17.30-да