«Әрқашан біргеміз» атты ІІІ халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі бір экспозициялық кеңістікте Ресей, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан және Қазақстанның ең үздік қуыршақшы шеберлерінің басын қосады. Биылғы жылы көрме аясында қуыршақ шеберлері өздерінің жұмыстарымен және әдіс-тәсілдерімен бөлісе алатын сондай-ақ, басқа елдерден келген шеберлердің шығармашылығымен таныса алатын көрме, таныстырылым, шеберлік сағаттарына қатысушы қуыршақ шеберлерінің Қуыршақ форумы өтеді.
Көрмеге келушілерге үш экспозиция ұсынылады:
- «Пушкиниана» – А.С.Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына арналған;
- «Театр» – театр жылына арналған;
- «Куклы мира» – суретші Гүлмира Садықованың жеке коллекциясындағы әр елдің қуыршақтары көрсетіледі.
Қуыршақ шеберлерінің шеберлігі мен практикалық икемі жыл өткен сайын жетілуде. Жыл сайынғы «Әрқашан біргеміз» атты ІІІ Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі көрермендерге осы шеберлердің жаңа жұмыстарын ұсынады. Шеберлердің жұмыстарының арасында тарихи тұлғалар мен ертегі кейіпкерлері, белгілі адамдардың портреттері, театр өмірі мен Пушкиннің шығармашылығынан тұрмыстық көріністер кездеседі. Көрмеге келушілер ұсынылатын образдардың сан алуандығына, жоғары орындаушылық сапасына және концепцияны жүзеге асырудағы олардың шығармашылық тәсілдеріне тамсанатын болады.
Барлық жұмыс түрлі техникада орындалған – қыздырылған пластик, өзі қататын пластик, құрғақтай басу техникасы, тоқыма техникасы, шұлықтық мүсін техникасы, тоқылған қуыршақ және басқа да аралас техникалар.
Қуыршақшылардың шеберлігіндегі олардың бір жұмыста әр түрлі материал мен әр түрлі техниканы қатар қолданып, үйлестіре алатын қабілеттері жоғары бағаланады. Жұмыс неғұрлым күрделі болған сайын, оны қарау да қызық бола түседі. Әрбір қуыршақпен байланысқа түскен кезде сіз жаңадан қосылған детальдар мен ұсақ-түйектерін аша түсесіз. Соған орай көңіліңізге жайлылық та сыйлайды .
Көрмеге қойылған жұмыстардың бәрі де қолдан жасалған, бір-бір данадан. Олардың әрқайсысы өзінше жеке-дара.
Қатысушы-авторлардың ішінде біздің жыл сайын өтіп тұратын көрмелерде есімдері әлденеше рет аталған бір топ белгілі шеберлер де бар, сол сияқты алғаш рет қатысып отырған шеберлер де бар. Қазақстан қуыршақшылар қауымдастығы десе, Юлия Проскурина, Оля Феденёва, Анжелика Доломан, Анна Алхимика және тағы да басқа көптеген қуыршақ жасау шеберлерінің аты аталады.
Экспозиция аясында белгілі қуыршақшы-шебер Юнаның (Наталья Юркина, Ресей) «Алиса» атты қуыршағы тамашаланады. «Әрқашан біргеміз» көрмесі аяқталған соң қуыршақ Қазақстанда қалдырылып, 2020 жылы қаңтар айында өтетін «Періштелер уақыты» атты авторлық интерьерлік қуыршақтардың қайырымдылық аукционалды көрмесіне қойылады.
Француз шеберлері Сесиль және Флёр Александр «Әйел метаморфозалары» қуыршақтар коллекциясын көрсетеді. Бұлар әрбір бөлшегін үңіле қарауды керек ететін, сөйтіп сағаттар бойы айтуға болатын қайталанбас жұмыстар.
Экспозицияға туындылары қойылатын Радие Гюль мен Серкан Пайдак қатысатын Түрік делегациясы да Түркиядағы қуыршақ музейі жайында көзтартар жұмыстарын дайындап, таныстыруға алып келді.
Қырғызстандық шеберлер ұлттық эпостың, соның ішінде А.С. Пушкиннің шығармаларының желісі бойынша жасаған тұтас бір коллекциясын ұсынады. Сөйтіп, басқа да қуыршақтар арасынан «Евгений Онегин» поэмасындағы Татьянаның образын сомдаған қуыршақты да кездестіресіздер.
Ішінде көпшіліктің сүйікті авторы Ольга Феденёва бар 25 шебердің авторлығымен «Пушкиниана» экспозициясы көрмеде ерекше орын алады. Экспозиция 2019 жылы 2 қараша тұсауын кеседі. Таныстырылым кезінде А.С.Пушкиннің шығармаларына арналған бір топ интерактивтік шаралар, концерттік бағдарлама мен тақырыптық квест өткізу жоспарда бар.
Көрменің барлық күніАлматыдағы Ресейдің Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілеттігі ұйымдастырған бірқатар шаралар өткізу де жоспарланған. Олардың арасында әлем халықтарының тілінде спектакльдер, концерттер, жаңа кітаптар мен электрондық басылымдар да бар. Қазақстан, Ресей, Франция, Қырғызстан, Түркия қуыршақшыларының балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сағаттары мен шеберлік шоуларының кеңейтілген бағдарламалары қарастырылған.
Көрме 2019 жылдың 30-қазаны мен 10-қараша аралығында өтеді.