Ж. Зейнәбілдің мерейтой кешіне орай, "Еркекше..." комедиясының тұсауы кесіледі 

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Жомарт Зейнәбілдің 50 жасқа толу мерейтой кешіне орай, "Еркекше..." комедиясының премьерасы болады!
Ж. Зейнәбілдің мерейтой кешіне орай, "Еркекше..." комедиясының тұсауы кесіледі 

Жомарт Зейнәбіл театр сахнасындағы 25 жылдық еңбек жолында 60-қа тарта бейнелер жасады. Ол ойнаған: Иран-Ғайыптың «Қорқыттың Көрі» Аңыз-Дастанында – Қорқыт, І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» тарихи драмасындағы – Махамбет, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» комедиясында – Сапар, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясында – Аткелтір, С.Жүнісовтің «Тұрымтайдай ұл еді...» драмасында – Шарыш, О.Бөкейдің «Атау-Кере» драмасында – Таған, Э. де Филиппоның «Цилиндр» траги-комедиясында – Агустино Мускарьелло, В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» (ауд. Ә.Сығай) драмасында – Тимофеев, Т.Теменовтің «Мулен Ружға шақыруында» – Сембин, күзетші; М.Байджиевтің «Тұншыққан сезім» драмасында – Ескендір, т.б. рөлдерінің қай-қайсысы да өзіндік шеберлігімен ерекше. Бүгінде мерейлі жасқа толған актерге арнайы сахналанған премьераны тамашалауға шақырамыз!

Премьера 31-қазан, 17.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді.