Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы театр фестивалі өтуде

18-22 қараша аралығында Р.Отарбаев атындағы ІІІ Республикалық театр фестивалі өтеді

Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, Парасат орденінің иегері Рахымжан Отарбаев атындағы Республикалық драма театрлар фестивалі биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Фестивальге еліміздің әр аймағынан келген тоғыз театр ұжымы өз өнерлерін ұсынбақ. Олардың тізімі төмендегідей:

1. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиядлық драма театры (Нұр-Сұлтан); 

2. Р.Сейтметов атындағы сазды драма театры (Түркістан);

3. Қ.Жандарбеков атындағы драма театры (Жетісай);

4. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Ақтау);

5. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры;

6. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры (Шымкент); 

7. Ақмола облыстық орыс драма театры (Көкшетау);

8. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры;

9. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры (Атырау);

Аталған өнер ұжымдарына баға беретін әділ қазылар алқасының құрамында – Қазақстанның Еңбек ері, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, фестиваль төрағасы Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері, режиссер Есмұхан Обаев, Мемлекеттік сыйлықтың  иегері, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі, режиссер Сердеш Қажымұратұлы, ҚР  Халық  әртісі, профессор,  режиссер Талғат Теменов, жазушы, әдебиеттанушы, Қазақ Ұлттық өнер  университетінің оқытушысы, ҚР  Жазушылар  одағының  мүшесі Ұларбек Нұрғалымұлы, театр сыншысы, өнертану ғылымдарының магистрі Айзат Қадыралиева және журналист Қаракөз  Рахымжанқызы бар. Олар театрларды жүлделі орындармен қатар, келесідегідей номинациялармен марапаттайтын болады:

"Ең үздік ер адам бейнесі",

"Ең үздік әйел бейнесі";

"Үздік режиссура";

"Үздік сценография";

"Көрермен көзайымы";

"Арнайы номинация".

Фестиваль Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры және Р.Отарбаев атындағы «Руханият» қорының ұйымдастыруымен өтеді.

Спектакльдердің өтетін орны "Жастар" мен "Құрманғазы" мәдениет үйлері.