Мемлекеттік музейде дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел 12 қарашадан бастап музейде өтіп жатқан Суретшілер одағының есептік көрмесі аясында өрбітіліп, Қазақстанның бүгінгі бейнелеу өнеріндегі мәселелер төңірегінде қызу пікірталасқа ұласты.

26 қараша күні Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Суретшілер одағының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел 12 қарашадан бастап музейде өтіп жатқан Суретшілер одағының есептік көрмесі аясында өрбітіліп, Қазақстанның бүгінгі бейнелеу өнеріндегі мәселелер төңірегінде қызу пікірталасқа ұласты.

Шараға суретшілер, өнертанушылар мен музей қонақтары қатысты. Бірінші болып ҚР еңбегі сіңген қайраткер, профессор Б.Өмірбеков сөз алды. Ол Эрнст Гомбрихтің Өнер тарихы еңбегінің жақында ғана қазақ тілінде жарыққа шыққанымен бөлісіп, оның бүгінгі қазақ өнертану ғылымы үшін маңызды екенін атап өтті. Музей директорының ғылым жөніндегі орынбасары С.Кобжанова да аталмыш еңбектің құндылығын баса айта келіп, болашақта да осындай үрдістердің дәстүр ретінде қалыптасуына тілек білдірді.
Сондай-ақ, Суретшілер одағының төрағасы Ө.Жұбаниязов: - Бұл еңбек әлемнің 30-дан аса тіліне аударылған, қазақ тіліне аударылғаны қуантарлық жағдай.

Шараның екінші бөлімінде Суретшілер одағы Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерен еңбектері үшін өнертанушылар К.Лиді, И.Юферованы, Е.Малиновскаяны, Б.Барманқұлованы, К.Мұқажанованы медальмен марапаттады.

Дөңгелек үстелдің пікір алмасу, еркін форматта әңгімелесу бөлімінде өнертанушылар есептік көрме шеңберінде, бүгінгі суретшілердің шығармашылығын, белең алған тенденциялар мен жанрлық ерекшеліктерді, көтерілген өзекті тақырыптарға баға берді

28 Қараша 2019
89
0
0