Ғ.Мүсірепов театрында баспасөз конференциясы өтеді

Баспасөз конференциясы 10 қаңтар, сағат 12.00-де өтеді.
Ғ.Мүсірепов театрында баспасөз конференциясы өтеді

Баспасөз конференциясында:

1) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 2019 жылы атқарылған шығармашылық жұмыстары мен жетістіктеріне шолу жасалып, 2020 жылға қойылған алдағы жоспарлары таныстырылады.
2) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақтылаған 10 маңызды бағыттың бірі «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп көрсетуінің негізінде, театр саласында тұңғыш рет еліміз бойынша актер қызметіне жарияланған кастиң қорытындысы жарияланады. 1 ай бойы әлеуметтік желі арқылы кастинг талаптары бойынша бақ сынап, іріктелген қатысушылар 2 турда көркемдік кеңес алдында өнер көрсетіп, жеңіске жеткен өнерпаз театрға қабылданады.

Өтетін жері: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Басталуы: 10.01.2020 жылы, сағат 12.00-де