«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі Омбы қаласында көрсетіледі

Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде  жазылған «Қазақ хандығы» кинодиологиясының бірінші бөлімі.

2020 жылдың 21 қаңтар күні Омбы қаласының «Вавилон» кино орталығында Ресейдегі Қазақстан киносы фестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетіледі. Кинотуындының көрсетіліміне Омбы қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.

Айта кетсек, тарихи фильм қазақ тілінде (орыс тілінде титрлері бар)  көрсетіледі. Туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы баяндайды. «Қазақ хандығы» жобасының идея авторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  

20 Қаңтар 2020
75
0
0