"Қыз бен теңіз" фильмі кинотеатрларда

"Қыз бен теңіз" әлеуметтік драмасы қазақстандық прокатқа шықты
"Қыз бен теңіз" фильмі кинотеатрларда

13 ақпаннан бастап, режиссерлері Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбековтың «Қыз бен теңіз» фильмі қазақстандық прокатқа шықты. Фильмді Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Алматы қалаларының көрермендері көре алады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Новый мир» АРДИ студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильмнің сюжеті БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің қиын тағдыры, оның армандары, махаббаты және отбасы туралы баяндалады. Фильм «ARDI» оңалту орталығының қамқорлығындағы (мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы) Динара Шарипованың өмірінен алынған нақты оқиғаға негізделген.

- Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын бәріміз де жақсы білеміз, сондықтан біз «Қыз бен теңіз» фильмі әлеуметтің мүгедектердің мәселелеріне мұқият болуға көмектеседі деп сенеміз. Мен бұл фильмді барлығына көруге кеңес беремін», - деді «Қазақфильм» киностудиясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.

«Қыз бен теңіз» картинасы 2017 жылдың көктемінде өндіріске енгізілді. Фильмнің негізгі түсірілімі Алматы қаласында өтті, жеке көріністер Қапшағай жағалауында түсірілді.

- Қазақстандықтардың біздің фильмді көретініне өте қуаныштымыз. Үлкен прокатқа шығар алдында фильм халықаралық фестивальдарда ұсынылды. Арнайы іс-шаралар аясында фильмді Ресей, Ұлыбритания және Испания тұрғындары көрді. «Қыз бен теңіз» - мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірі туралы баяндайтын «Шексіз мүмкіндіктер» дилогиясының екінші бөлімі. Аталған дилогияның екі бөлімін «АРДИ» оңалту орталығына келген кезде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынған болатынбыз. Мемлекет басшысы біздің фильмге жоғары бағасын беріп, режиссерлер мен актерлер атына алғыс хаттарды жолдады, - деді фильмнің режиссері Әзиз Заиров.

Фильмдегі рөлдердің көпшілігін ерекше қажеттіліктері бар кәсіби емес актерлар – «АРДИ» оңалту орталығының студенттері ойнады. Мысалы, басты рөлдердің бірін дилогияның бірінші бөлігіндегі рөлімен танымал Тахир Умаров, сондай-ақ Эмир Байгазиннің «Жараланған періште» трилогиясының екінші бөлімінде Камо рөлін ойнаған Қанағат Тасқараев сомдады. Ал басты кейіпкердің сіңлісі рөліне кәсіби театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова шақырылды.

-«Қыз бен теңіз» фильмі кең аудиторияға ерекше қажеттіліктері бар адамдарда кездесетін мәселелердің барлығын ашады. Көрермендер біздің кейіпкерлерімізді жақсы түсініп, сүйіп қана қоймай, сонымен бірге өз күштері мен шексіз мүмкіндіктеріне сене алады», - дейді фильмнің сорежиссері Мұхамед Мамырбеков.

Айта кету керек, «Қыз бен Теңіз» фильмінің тұсаукесері былтыр Нұр-Сұлтан мен Алматыда аншлагпен өткен болатын.

Фестивальдер мен жүлделері:

  • «Еуразия жүрегінен» қазақ киносының конкурстан тыс бағдарламасында, «Еуразия» XV Халықаралық кинофестивалінде көрсетілім, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, 2019;
  • «Үздік актриса үшін» сыйлығы (Динара Шарипова),Romford Film Festival, Лондон, 2019;
  • Қоғамқайраткері Карине Хабированың «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясы бойынша«Күміс Ақбозат» арнайы сыйлығы, IV Халықаралық кинофестивалі, Уфа, Башқұртстан, 2019;
  • Приз «Лучший фильм» в секции «Панорама», Asian Film Festival. Barcelona, Casa Asia, 2019;
  • «Панорама» бөліміндегі «Үздік кинофильм» сыйлығы, Asian Film Festival. Barcelona, Casa Asia, 2019.

Сценарий авторлары және қоюшы-режиссерлер: Азизжан Заиров, Мухамед Мамырбеков

Қоюшы-оператор: Тимур Итенов

Қоюшы-суретші: Жал Ибрагимов

Композитор: Әсел Омарова

Костюм суретшісі: Наталия Баженова

Атқарушы продюсер: Дина Нұрмұханова

Продюсер: Азизжан Заиров

Рольдерде: Динара Шарипова, Тахир Омаров, Канағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев.