"Қазақстан театрлары және пандемия: Қазіргі жағдайы мен болашағы" атты онлайн конференция өтеді

Халықаралық театр сыншылары бірлестігі Сіздерді «Қазақстан театрлары және пандемия: Қазіргі жағдайы мен болашағы» атты онлайн конференция жұмысына қатысуға шақырады. Онлайн-конференцияның өтетін күні: 2020 жыл, 22 мамыр, сағат 14.00 мин. Конференция Zoom веб-платформасында өтеді. Жеке конференцияның идентификаторы: 854-5497-7688
"Қазақстан театрлары және пандемия: Қазіргі жағдайы мен болашағы" атты онлайн конференция өтеді

Бүкіл әлем халқының басынан өткізіп жатқан карантиндегі өліара хал театрлар үшін де үлкен сынақ болды. Қазіргідей заманауи технологиялардың қарқынды дамуы кезінде экран мен интернеттің әлеуметтік һәм коммуникациялық маңызы еселеп артқанын көрдік. Оны әлемді жаулаған пандемия дерті дәлелдеп берді. Карантиннен кейін әлемдік сахна өнері өзінің қалыпты жұмыс кестесін жалғастырады десекте, бұл алдыңғы жұмыстан өзгерек боларын іштей сеземіз. Мамандар онлайннан қайтадан офлайнға көшкенде театрлар үшін жаңа кезең басталарын, бүгінгі және ертеңгі театр өнері интернет пен масс‑медияны қолданысқа кеңінен қосатын, ажырамас бөлігіне айналып, ықпалын сезінеді деген пікірлерді жиі айта бастады.

Қазақ театры қарантиндегі екі айда әлемдік театрлардың үдерісіне ілесіп, өздерінің қал-қадарынша онлайн спектакльдер, лекциялар, сұхбаттар, концерттер өткізіп, мұрағаттық қойылымдарын You Tube желісінен көрсетті. Бұл әрекеттер негізінен жеке дара театрлардың, жеке тұлғалардың бастамасымен қанат жайды. Қиындыққа қауымдасып қарсы тұруға театрлардың басын біріктірер, шұғыл ақылдасып, тиімді ортақ шешім қабылдайтын ұйым жұмысының тапшылығын сезіндік. Карантиндегі «#үйдебол» ұстанымы аяқталып, бірер күннен кейін қалыпты жұмысымызға ораламыз десекте, театр қайраткерлерін толғантар мәселелер сан алуан.

Конференцияның мақсаты:

  • Қазақстандық театрлардың карантиндегі және посткарантиндік хал-жағдайын бағамдап уақыт алға тартқан сұрақтарға барша театрлар қауымдастығымен жауап іздеу.

Конференцияда қозғалатын мәселелер:

  • Қазақстан театрларының жұмысына карантиннің тигізген әсері;
  • спектаклді онлайн көрсетудің артықшылығы мен кемшіліктері, болашақ сандық түсірілімге қойылар талаптар;
  • көрерменді залға қайтаруды жүзеге асыру жолдары;
  • форс-мажорлық маусымның екінші жартысындағы өзекті мәселелер;
  • фестивальдер кестелеріндегі өзгерістер, театрлардың репертуарлық саясаты.

Конференцияға қатысуға театр теоретиктері (театртанушылар, театр сыншылары, мәдениеттанушылар, журналистер), театрдың басшылары мен көркемдік жетекшілері, режиссерлер, актерлер, драматургтер, әдебиет бөлімінің меңгерушілері, менеджерлер және сценографтар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша.

Онлайн-конференцияның өтетін күні: 2020 жыл, 22 мамыр, сағат 14.00 мин.

Конференция Zoom веб-платформасында өтеді.

Жеке конференцияның идентификаторы: 854-5497-7688

Ұйымдастыру комитеті:

Анар ЕРКЕБАЙ – өнертану кандидаты, доцент; тел.: +7777 247 0706

Аманкелді МҰҚАН – өнертану кандидаты, доцент; тел.: +7701 327 9029