2024 жылдың 4 қарашасында Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы креатив саланы дамыту мақсатында маңызды келісімге қол қойылды. Бұл ынтымақтастыққа Француз даму институты қосылып, қазақстандық креатив сала өкілдеріне тәжірибе алмасу, оқыту және кәсіби байланыстарды кеңейту үшін платформа ұсына отырып, мәдени және шығармашылық индустриялардың 9 саласында жұмыс істейді. Атап айтқанда олар аудиовизуалды сектор және кино, орындаушылық өнер, музыка, дизайн, сәулет, қолөнер, цифрлық шығармашылық (бейне ойындар, иммерсивті тәжірибе), әдебиет және сән сияқты негізгі бағыттар.
Меморандум аясында қазақстандық мамандарға түрлі шаралар ұсынылады: фестивальдер, көрмелер, шеберлік сыныптары, конференциялар, тіпті резиденциялар мен кәсіби кездесулер. Бұл бәрі де шығармашылық саланың өкілдеріне халықаралық тәжірибе алуға, жаңа байланыстар орнатуға және өз жобаларын жаһандық нарықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Біз, шығармашылық мамандарымыз шабыт алып қана қоймай, дами алатын, өз жобаларын халықаралық деңгейде жүзеге асыратын және елдің экономикасы мен мәдени өміріне үлес қосатын жағдай жасауға тырысамыз. Француз институтымен ынтымақтастық - бұл Қазақстанның әлемдік креатив қоғамдастыққа интеграциялануындағы маңызды қадам»,
- деп атап өтті Almaty Creative өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры Шолпан Махмудова.
Француз даму институтының өкілі Мод Жиру (Maud Girout) да бұл серіктестік екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және креатив жобаларға жаңа мүмкіндіктер ашуға үлкен ықпал ететінін атап өтті:
«Біз қазақстандық мамандармен ынтымақтастықта мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға және креатив жобалар үшін жаңа перспективалар ашуға көмектесетін үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Біздің ортақ күш-жігеріміз тұрақты даму мен инклюзивтілікке бағытталған, ал бұл, өз кезегінде табысты және ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі болады».
Жалпы, бұл ынтымақтастық Қазақстан мәдениетінің әрі экономикасының дамуына зор үлес қосып, креатив индустриямызды халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін өте маңызды қадам деп сенеміз.
Анықтама
Almaty Creative — Алматы қаласында креатив индустрияларды дамытуға бағытталған орталық, ол креативті кәсіпкерлер мен ұйымдарға қолдау көрсетіп, қаланы Орталық Азиядағы креативті экономика орталығына айналдыруды мақсат етеді.
Француз даму институты немесе Agence Française de Développement (AFD) — Францияның халықаралық даму агенттігі, ол дамушы елдерде экономикалық өсу мен тұрақты дамуды қолдау мақсатында түрлі жобаларды қаржыландырып, жүзеге асырады. Институттың басты бағыты — тұрақты даму, кедейлікпен күрес және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті жою.