Алматыда "Гитарадан төгілген сырлы саз" атты музыкалық вернисаж өтеді

2017 ж. 5 қазанда Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Гитарадан төгілген сырлы сазы» музыкалық вернисажына шақырады.
Алматыда "Гитарадан төгілген сырлы саз" атты музыкалық вернисаж өтеді

Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Асан және Зәуре Нарботаевтар («GS» тобы) «Родриго мен Гэбриэла» дуэтін, испан, орыс және қазақ композиторларының, Джипси Кингтің, Сергей Рудневтің, Нұрғиса Тілендиевтің және тағы басқалардың шығармаларын орындайды. Музыкалық вернисаждарда түрлі музыкалық аспаптардың сазын тыңдадық, енді бұл жолы жеке гитараның үнін еститін боламыз.

Дыбысты жаңғыртып шығаратын шанағы мен мойны бар ішекті аспаптар жайлы өте ерте заманнан сақталып қалған айғақ-дәлелдер қазіргі заманғы гитараның шығу тегі б.д. д. ІІ мыңжылдықтан бастау алады. Киннордың бейнесі (Інжілде айтылатын шумер-бабыл ішекті аспабы) Өзен аралығы еліндегі археологиялық қазба кезінде саз балшық бедерлерінен табылды. Ежелгі Мысыр мен Үндістанда де осыған ұқсас аспаптар болды: олар Мысырда набла, нефер, цитра деп аталса, Үндістанда вина және ситар деп аталды. Қазақтың домбырасы да осындай ішекті аспапқа жатады. Ежелгі Хорезмді қазу кезінде шертпелі аспап тартып отырған музыканттардың терракот статуэткалары табылды.

Гитараның Орта Азиядан Грекия арқылы батыс Еуропаға таралуына келетін болсақ, «гитара» сөзі көптеген өзгерістерді басынан кешірді: Ежелгі Грекияда «кифара», латынша cithara, Италияда guitarra, Францияда guitare, Англияда guitar, ең соңында Ресейде «гитара» деген аатуға тұрақтады. «Гитара» сөзі ортағасырлық Еуропа әдебиетінде алғаш рет XIII ғасырда пайда болды.

Асан және Зәуре Нарботаевтар – егіз, 7 жастарынан бастап музыкамен айналысып келеді. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін бітірді, онда орыс халық аспаптары бөлімінде (классикалық гитара) білім алып, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына оқуға түсті. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары  және қатысушылары. Атап айтқанда, музыкалық колледждердің республикалық конкурсы (2014, Асан – 1 орын, Зәуре – дипломант), Қазандағы «Бесеудің кубогы» (2015, Асан – 1 орын, Зәуре – 2 орын, дуэт аталымы бойынша 1 орын), «Болашақтың дауысы» (Ташкент), Кари Якубовтың Yangi ovlad («Болашақ ұрпақ», Ташкент), «Ұмытылмас Ресей» (Бішкек, 2015) және тағы басқа да жарыстарды тізіп айта беруге болады. Олар – ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиаттары.

Кешті жүргізушілер – Клара Исабаева,  Ә.Қастеев атындағы өнер музейі баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба жетекшісі және Зәуре Нарботаева, «GS» тобының жеке орындаушысы. 

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-775-371-4820,
8-747-181-5126.

Билеттің құны: 2500 теңге.

1. сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін – музейді түгел аралау; 2. 18.30-дан – кофе-брейк –; 3. 19.00 «Гитарадан төгілген сырлы сазы» концерті – билеттің құнына кіреді.