Прованстың лаванда алқабымен ыдыс-аяқтарын сылдырлатып вело-кухня зулайды, кәстрөлде буы бұрқырап, теңіз шаяны қайнап жатыр, духовкада цесарка қызарып пісуде. Фазан-Дворецкий круасан мен ірімшік қосылған таңғы Ситроенды әкетіп барады. Эйфель мұнарасы Спасск мұнарасына парфюмдерімен қосып матрешкаларды жіберу үшін конвейердің тумблерін туфлиімен соққылайды. Кесе, тарақ, жұмыртқа салғыш, ожау, сағат, таяқ, телефон сияқты қашып жүрген заттар қаздар мен мысықтарға қосылып, хоровод түзеген. Задираның қояндары Эльбаның қар басқан жағалауында бірінің қолынан бірі ұстап, дөңгелене айналып жүр. Даяшы Көгершін бөтелкелердің тойын басқаруда. Аула сыпырғыш Динозавр Сарай алаңын сыпырса, ди-джей айдаһары винилді тырналауда. Нарышкин бастионына орналастырылған Тізбекті тәждегі жүк көтергіш сықыр-сықыр етеді, тосқауыл қоюшы Рождество пималарын сыйлығымен қоса Петропавл бекінісінінің үстіндегі пошта аэростатына көтеріп кіргізуде. Қысқы Неваның үстімен әуе шарлары қалықтайды, Петербург сәнқойларын Фаберже гондол-жұмырталарға отырғызып, балға әкетіп барады. Инженер қорғанындағы қатып қалған Фонтанкада иттер сарай брумболына қызу кірісіп кеткен. Естеліктерге толы, әлемнің әр түкпірінен жиналған жапсырма қағаздармен алабажақтанған шабадандар жүк таспасында ары-бері шайқалақтап, міне-міне, жан-жаққа ұшып тарап кетердей...
Сөз болып отырған шағын ғана бөлік – «Шыркөбелек» атты үлкен есептік көрмесінде ғажайып бұрамамен шиыршықталған Фролов әлемінің кейбір тегершіктері ғана.
Сонымен бірге Алматыға Пётр Фроловтың 41 парақтан тұратын «Азбука» жобасы толығымен және осы жоба бойынша әрбір әріпке жүздеген қызықты детальдары бар басылған кітап жұртшылыққа ұсынылады. Таңғажайып иллюстрацияларды қайта-қайта қарап, кітап кейіпкерлерімен бірге футбол матчтарында болып, бірде Амстердам қаласында, енді бірде сиқырлы орманда немесе ханшайымның жатын бөлмесінде, кеме бортында немесе көк тіреген үйлердің арасында, орыс пешінің қасында немесе орта ғасырлық қала көшелерінде болып, мыңдаған өтірік оқиғаларды ойластырып, ойнасын деп, суретші «Азбуканы» ойлап тауып, суреттер салды. Жұмбақ-азбука, квест-азбука – баламен бірге қызықтап жүріп өтетін отыз үш әріптің ұзақ жолы.
Көрмеде «Азбукадан» басқа автордың «Landmark», «Сарайлық Петербург» сияқты жаңа топтамаларымен бірге «Қашып жүрген заттар», «Аңшылық және қысқы мерекелер», «Саяхат ханымдары», «Жыл мезілдері» атты бұрынырақтағы топтамалары бар.
Көрмедени Сіздер Петр Фроловтың қыштан жасалған бұйымдарыынң толық коллекциясын түгелдей және PASSE PARTOUT FROLOV-тың барлық реңктегі орамалдарын көресіздер. Сонымен бірге «Шыркөбелек» көрмесінде дәм татуға арналған осы көрме аттас жеуге жарамды алып натюрморты да қойылады.
Виолетта Волгодская – көрме жетекшісі