Суретші Шаттық Батанұлының жеке көрмесі өтеді

2018 жыл 23-ақпан сағат 15.00-де Талдықорған қаласы Өнер мұражайында Алматы облысы әкімдігінің және Талдықорған өнер галерясының ұйымдастырумен Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Шаттық Батанұлының жеке шығармашылық көрмесі өтеді.
Суретші Шаттық Батанұлының жеке көрмесі өтеді
суретші Шаттық Батан

Шаттық Батан 1983 жылы 16 маусымда ҚХР Күнес ауданында дүниеге келген. 1998-2001 жылдар аралығында Іле көркемөнер колледжінде «Сурет және кескіндеме» мамандығы бойынша бітірген.

2004-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Монументальды кескіндеме» мамандығы бойынша баклавр, 2009-2011 жылдары «Сәндік өнер/ағашты көркемдеп-өңдеу» мамандығы бойынша Өнертану магистрі магистрі атанды.

2010-2013 жылдар аралығында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында реставратор болып қызмет атқарды. 2013 жылы Астанадағы ҚР “Алтын және бағалы металдар мұражайында” Ғылыми-ақпараттық жұмыстар бөлімінің жоғары деңгейдегі маманы болып жұмыс істеді.

2013-14 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-суретші болып істей жүріп, шығармашылық ізденіске көңіл бөлді.

2017 жылы ҚР суретшілер одағына мүшелікке қабылданды.

Бұдан сырт, әр жылдары халықаралық және қалалық көрмелерге, конференцияларға қатысып, арнайы сертификаттар алды. Қазіргі кезде жеке шығармашылықпен айналысады. Көрмеге келуші барша өнер сүйер қауымға есік ашық.

Шаттық Батан "Келін" 2009