Халықаралық байқаулардың лауреаты, жетігенші, домбырашы Асылай Апенованың «Аққу» атты жеке шығармашылық концерті Елордамыз «Астананың – 20 жылдығы», сондай-ақ Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылып отыр.
Апенова Асылай Жангелдіқызы – 1988 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосында дүниеге келген. 2004–2008 ж.ж. Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжі (домбыра мамандығы бойынша), 2008–2012 ж.ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (домбыра мамандығы бойынша бакалавр), 2012–2014 ж.ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (жетіген мамандығы бойынша магистратура) білім алды.
Жетістіктері:
- Құрманғазы атындағы Республикалық аспапта орындаушылар сайысының лауреаты, 2-орын (Астана қаласы)
- Әзидолла Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» Республикалық домбырашылар сайысының лауреаты, 3-орын (Атырау қаласы)
- Дина Нұрпейісованың 150-жылдық мерейтойына арналған Республикалық домбырашылар сайысы – Бас жүлде (Орал қаласы)
- Халықаралық «Шабыт» фестивалі (жетіген номинациясы бойынша) – Бас жүлде (Астана қаласы)
Кеш қонақтары: Нұржан Жанпейісов, Талғат Мұқышев, Эльза Қарабалина, Біржан Бәзілжанов, Айгерім Апенова, Қалбай Мамутов, «Babalar sazy» этно-фольклорлық ансамблі және «Aldaspan» этно-рок тобы.
Мекен-жайы: Алматы қ., «Алғабас – 1» ықшам ауданы, 6 үй