«Әсем Әлем» Өнер академиясы көктемгі топтамасын доктор Бернхард Лауэрдің дәрісімен бастайды

2018 жылдың 13 наурыз күні, сағат 19.00 де «Әсем Әлем» Өнер академиясы көктемгі топтамасын доктор Бернхард Лауэрдің «Германия музейлерінің қазыналары» атты дәрісімен бастайды.
«Әсем Әлем» Өнер академиясы көктемгі топтамасын доктор Бернхард Лауэрдің дәрісімен бастайды
Милен Гермон

Доктор Бернхард Лауэр – орыс тілін жетік меңгерген, Германиялық Ағайынды Гриммдер көрмесінің жетекшісі. Ол Кассель қаласы Ағайынды Гриммдер Қоғамының атқарушы директоры, көп жылдар бойы Ағайынды Гриммдер музейінің директоры болды.

Германияда өнер жауһарларының ірі жинақтары кездеседі – Берлиндегі Пергам және Египет музейлері, Дрезден галереясы, Мюнхен Пинакотекасы, Нюрнбергтегі Дюрер музей-үйі, Потсдамдағы кескіндеменің бай коллекциясы Сан-Сусси бақ-саябақтық кешені және көптеген басқалары. Бір ғана Берлиннің өзінде көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі өнер жауһарлары сақталған 170 астам музейлер мен коллекциялар бар. Берлиннің Пергам музейінде хет, ассирия, вавилон және парсы кезеңінің артефактілерімен танысуға болады, дәл осында Пергам мехрабы мен Иштар қақпасы экспозицияға қойылған. Ал, Берлиннің Египет музейінде коллекцияның ең атақты жәдігері – Нефертити бюсті бар, оны музейге Египеттегі қазба жұмыстарын қаржыландырған  ірі кәсіпкер Джейсон Симон сыйға тартқан.

Академияның көктемгі топтамасы Ежелгі Египет, Греция және Римнің көне өркениеті, өнер түрлері – кескіндеме, графика, мүсін, сәулет және киім дизайны, стильдер, жанрлар мен бағыттарды қосқанда, бүкіләлемдік өнер тарихы бойынша 33 дәрісті құрайды.

Топтама, сондай-ақ тыңдармандарды Византия және Ежелгі Русь өнері, орта ғасырдағы Еуропа мен Ренессанс, Голландия, Фландрия, Германия, Франция, Испания және Ресей өнерімен таныстырады. Курстың бірнеше дәрісі көне дәуір, ислам, Қайта өрлеу дәуірі, барокко және 20 ғасырдың сәулет өнерінің тарихына арналған. Дәрістер Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің, Қазақстанның  жетекші мамандарымен, сондай-ақ алыс әрі жақын шетелдік сарапшылармен оқылады. «Әсем Әлем» Өнер академиясының желісімен музей Франция, Германия Елшіліктерімен, Art Lane галереясымен және басқа ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан.

Жиі, сенбілік дәрістен кейін тыңдармандар музей залдарын аралайды, музей коллекциясындағы әр түрлі кезеңдердің өнері, стильдері, жанрлары туралы мағлұмат алады.

Қазақ тіліндегі дәрістерді музейдің сайтында кез-келген дәрісті таңдап алу арқылы тапсырыс беруге болады. http://gmirk.kz/kz/lang-ru-akademiya-lang-lang-en-academy-lang-lang-kz-akademiya-lang

Бізге қосылыңыз! Сіз өнер әлемі жайында талай қызықты білетін боласыз! Толығырақ музей сайтында -  http://www.gmirk.kz/…/lang-ru-akademiya-lang-lang-en-academ…

Академия жетекшісі – Клара Исабаева