Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисттері Анастасия Кожухарова, Балуан Беркенов және Елена Никонова "Пиковая дама" (Чайковский), "Царская невеста" (Римский-Корсаков), "Иоланта" (Чайковский), "Князь Игорь" (Бородин) және басқа да опералардан ариялар орындайды ; концертмейстер - Асель Давлетьярова. Концерт петербор суретшілері Константин мен Екатерина Грачевтардың көрме залында өтеді.
Италиялық, неміс, француз опера мектептерімен қатар орыс опера мектебінің әлемдік маңызы бар. Ресейге опера 18 ғасырда Еуропадан келген. Алдымен сарайлар төңірегінде италиялық опералар басымырақ орындала бастады, ал 18 ғасырдың ортасына қарай алғашқы орыс опералары пайда болады. 19 ғасырда Ресейде бұл жанрдың танымалдылығы арта түседі, себебі опера 19 ғасырдағы орыс халқының санасын жаулаған ірі идеологиялық, тарихи, психологиялық және басқа мәселелерден көркемдік тұрғыда хабардар етті. Алғашқы орыс опера композиторы, «Иван Сусанин» немесе «Жизнь за царя» операсының авторы – Михаил Глинка болды. Глинканың шығармалары ірі орыс композиторлары - Даргомыжский, Мусоргский, Римский-Корсаков, Бородин, Чайковский сынды басқа да композиторлардың шығармашылығына үлкен әсер етті. В.В. Стасовтың айтуынша, «Пушкин мен Глинка орыстың жаңа тілін жасады - біреуі поэзияда, екіншісі - музыкада».
Сопрано, Анастасия Кожухарова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын үздік дипломмен аяқтады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының 2013 жылғы стипендиаты. 2014 жылы, шілдеде Симон Ригодоның Малер филармониясының оркестрімен бірге жетекшілік етуімен (Франция), Шенбрунн сарайында өткен (Вена) Австрия-Венгрия императорларының бұрынғы резиденциясы гала-концертінің қатысушысы. Болгария, Румыния, Қазақстан, Корея, Жапония және Италиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты және дипломанты. 2018 жылы, наурызда дирижер Рикардо Казероның шақыртуымен, Сарагоса(Испания) қаласында Reino de Aragon в Auditorium Zaragoza (Mozart Hall) оркестрімен "Кармен" (Бизе) операсында Микаэланың рөлін сомдады.
Балуан Беркенов − сирек кездесетін, лирика-драмалық сипаттағы, кең диапазонды, жарқын әдемі тембрі және тамаша вокалды-техникалық, орындаушылық қабілеті бар «тенор»-spinto дауысының иегері. Балуан 2016 жылдан бастап, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті. 24 жасында ол М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Біржанның күрделі драмалық партиясын орындайды. Балуанның театр репертуарында орыс, батысеуропалық және қазақ композиторларының операларынан 15 аса партиялар бар. Олар: Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан Біржан, Чайковскидің «Евгений Онегин» операсынан Трике, Пуччинидің «Чио чио сан» операсынан Пинкертонның, Штраустың «Летучая мышь» опереттасынан Генрих Айзенштайнның партиялары және басқалары. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
Меццо-сопрано Елена Никонова – Абай атындағы МАОБТ солисті. Қазақ ұлттық консерваториясын ҚР халық әртісі Р. Жұбатырованың класында, ассистентура-тағылымдаманы профессор С. Кұрманғалиеваның класында аяқтады. Қазақ «Романсиадасының» дипломанты, италиялық әндер фестивалінің бас жүлдесі, «Тау рухы» поляк байқау-фестивалінің II сыйлығының лауреаты, Польша мен Германияның (Герлитц қ.) бірнеше концерттеріне, сондай-ақ өткен жылдың жазында Италияның Musicarivafestival аясында екі концертке қатысады.
Асель Давлетьярова − Абай атындағы МАОБТ жетекші концертмейстері, оның репертуарында 20 астам опералық қойылымдар, камералық музыканың үлкен репертуары бар. Жеке концерттері Қазақстанда ғана емес, шетел сахналарында да қойылған. Мәселен, өткен жылдың күзінде Turksoy шақыртуымен әлемге әйгілі әнші Fiorenza Cedolins шеберлік сабағындағы опера әншілері үшін басты концертмейстер болды. Керемет сезім мен техника стиліне ие.
Кештің жүргізушілері – Клара Исабаева, ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба жетекшісі.
Анықтама үшін байланыс – 394-57-18, 8-775-371-4820, 8-747-181-5126.
Билеттің құны – 2500 теңге. Баға ішіне мыналар кіреді: 1) сағ. 17.00 – 18.00 музейді аралау; 2) сағ. 18.30 – кофе-брейк; 3) сағ.19.00 – «Опералы Петербург» концерті
Жетекші – Клара Исабаева