Қойылым Ресей Федерациясы Театр Қайраткерлері Одағының шетелдегі орыс театрын қолдау бағдарламасы негізінде жасалған.
2017 жылдың желтоқсан айында А.Шавлов "Артишокта" театр лабораториясының апталық қорытындысы негізінде "Хайуанаттар оқиғасының" ("Зверные истории") эскизін көрсеткен болатын.
Бұл жұмыс театр ұжымының оң бағасын алып, РФ Театр Қайраткерлері Одағынан пьесаның саxналау грантына ие болған.
Американ драматургы Дон Нигроның аталмыш пьесасы 12+ жас санатын қамтып, театрдың жасөспірім көрермендері үшін арнайы қойылады.
Сондай-ақ қойылымда алғаш рет театрдың жас буын актерлері, Ярослав Мемлекеттік театр институтының түлектері: Мунира Думан, Айғаным Сағынбаева, Қуантай Әбдімәди өнер көрсетеді.