Профессор Сәуле Өтеғалиеваның 60 жас мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Өнертану докторы, профессор Өтеғалиева Сəуле Ысқаққызының 60 жас мерейтойына арналған "ЗАМАНАУИ ТҮРКОЛОГИЯНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Профессор Сәуле Өтеғалиеваның 60 жас мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
Конференцияға  Қазақстан,  Өзбекстан,  Əзірбайжан, Ресей, Татарстан, Қытай, Корея, Англия жəне т.б. мемлекеттерден келген ғалымдар қатысады.
Конференцияда келесі секциялар бойынша жұмыстар жоспарланған:
1.Еуразияның түркі тілдес елдерінің музыкалық аспаптары мен аспаптық музыкасы;
2.Түркі тілдес елдердің музыкасындағы дыбыс феномені жəне дыбыс биіктігінің жүйесі;
3.Түркі тілдес елдердің музыкалық-поэзиялық жəне театр өнері. Мұражайлар.
4.Оқу үрдісіндегі түркі тілдес елдерінің музыкасы.
Конференция Құрманғазы атындағы ҚҰК 28-30 мамыр аралығында өтеді.


Өтеғалиева Сәуле Искаковна  (1958 жылы туған, Астрахань қ., Ресей) - Құрманғазы, атындағы  ҚҰК-да музыкатану  және композиция  кафедрасының профессоры, өнертану ғылымының докторы, ICTM-нің  Қазақстандағы  сарапшысы және  өкілі, (ЮНЕСКО- жанындағы  дәстүрлі музыка бойынша халықаралық кеңес) және ESEM (этномузыкология бойынша еуропалық семинар), «Этносольфеджио» курсы бойынша бірнеше кітаптар мен  бағдарламалардың авторы және Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Литвада, Финляндияда, Германияда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда   200 - ден  аса ғылыми мақалалары  жарияланды.

Сәуле Өтеғалиеваның ғылыми еңбектері: «Маңғыстаудың домбыра дәстүрі» (1997), «Орталық Азия хордофоны» (2006), «Батыс Қазақстанның домбыра дәстүрлеріндегі «Түрікмен күйі »(2008 - 2015 жылдары  бірлескен авторлықта екі рет басылып шыққан).  2013 жылы Мәскеуде «Түркі халықтары  музыкасының дыбыс әлемі  атты  докторлық монографиясы  жарияланды: теория, тарих, тәжірибе (Орта Азияның дәстүрлі аспаптары  материалдары негізінде)» (528-бет). Сәуле Өтеғалиева - бірнеше ғылыми кітаптар мен жинақтардың құрстырушысы және ғылыми  редакторы болып  табылады

Олардың ішінде: И.Мациевскийдің «Халық аспаптық музыка  мәдениет феномені ретінде» (2007), монография Б.Игілік «Алыстағы шұғыла. Шыңжаң қазақтарының күйлері» (2011), «Азиялық дәстүрлі музыка: проблемалар және материалдар» (1996), «Түркі  әлемінің музыкасы» және «Орта Азия халықтарының музыкасы» (2009 ж.); «Түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі музыкасы: зерттеу мәселесі.   Дыбыс  Феномені (2014 ж.)», «Дауыстан  аспапқа дейін: түркі  тілдес  әлемінің дәстүрлі мәдени мұрасындағы дыбыстар  феномені» (2016) және басқалар.

С. Өтеғалиеваның «A computer-based study of scales on the Kazakh dombra and kyl-kobyz»  «Қазақ домбырасы  мен қылқобызындағы  дыбыстар  қатарын компьютерлік зерттеу» атты мақаласы   1949 жылы Халықаралық кеңеспен құрылған дәстүрлі музыканың жылнамасында, дәстүрлі музыка бойынша (ICTM),  арнайы этномузыкатанушылардың   басылымында   жарық көрді.