Мақала
Ұлы ақынның қуыршақ бейнесі
Мемлекеттік қуыршақ театрының кезекті маусымының жаңалығы, Антон Зайцевтің "Мен бір жұмбақ адаммын" қойылымы турасында қалам тербедік.
Бөлім: Театр
Датасы: 06.03.2020
Мақала
Ұлы ақынның қуыршақ бейнесі
Мемлекеттік қуыршақ театрының кезекті маусымының жаңалығы, Антон Зайцевтің "Мен бір жұмбақ адаммын" қойылымы турасында қалам тербедік.
Бөлім: Театр
Датасы: 06.03.2020
Ұлы ақынның қуыршақ бейнесі

Қазақ пен Абай қашан да тең ұғым. Күллі ғұмырын адамдық пен надандықтың ара жігін ажыратуға сарп еткен Ұлы Абайдың еңбектері күні бүгінге дейін өзекті. Қазақ театрларының барлығында дерлік сахналанған Абай, қуыршақ театрының төріне де келді. Режиссердің талғамы мен таңдауы кемеңгерді сонау он тоғызыншы ғасырдың адамы емес, бүгінгі күннің заманауи тұлғасы ретінде көрсетеді. Басты себеп ЮНЕСКО көлемінде Абайдың 175 жылдығының тойлануы. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімінде айтылған ұлттың баға жетпес символдарына айналған ұлы тұлғалардың есімдерін қайта жандандыру. Оның ішінде пір тұтатын Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесарымен қатар Абай есіме де аталады.

«М.Әуезовтың «Абай»  драмасы қазақ театры өнерінде жаңа жанрдың, яғни тарихи және тарихи-биографиялық драманың тууына түрткі болды. Пьесаны 1940 жылы сахнаға шығарған режиссер Асқар Тоқпановтың қойылымы – театр тарихының ең жарқын беттерінің бірі» [7. 132] – дейді театр зерттеушісі А.Еркебай. Сонау XX ғасырдан бері көрермендер үшін сахна қаһарманына айналған Абайды сомдаған актерлерде, шығарманы сан түрлі сөйлеткен режиссер де аз болмады.

Ұлы ақынды бүгінгінің көзімен көрсеткен Антон Зайцевтің жұмысына зер салайық. Қойылым қазіргі көрермендердің сұранысын ескере отырып, режиссердің өзіндік драматургиясымен сахналанған болатын. Абайдың даналығын оның шығармалары арқылы тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Ол тек тұлға емес, сонымен қатар қарапайым адам екенін алға тартып, ақынның өміріндегі басты оқиғаларына жіті назар аударған. Тиісінше бұл жолы біз Абайды қуыршақ бейнесінде көрдік. Бір ғана қуыршақты орындаушы болмады, әрбір сахнаға байланысты қуыршақтар бірде үлкен бірде кіші болып ауысып отырды. Қойылым басында қауырсын ұшып келеді, яғни отырған Абайға шабыт ретінде көрсетілген. А.Зайцев символикаға ерекше назар аударған. Қойылым көркемдік жағынан көрермен үшін қызық пен құпияға толы болды. Қойылымның ұтымды тұсы, қанаты сынған құстың қайта ұшуға талпынған сәтттері. Бірнеше сахнасында көрсетілген бұл көріністен, әрбір көрермен өзін көрері анық. Қала берді Абайдың ішіндегі күйініш сезімі деп те айтсақ болады. Себебі еркіндіктен ада қылған ережелер мен қағидалар оның қанатын кең жаюына кедергі болды.

Қойылым метафоралық көріністерге толы. Кейіпкер махаббаты Тоғжаннан қол үзігенін құстар арқылы, заңды жары Ділдә екеуінің қарым-қатынасындағы сызатты «ары жатшы» деген реплика арқылы сипаттайды. Тоғжанды қолдан ұшқан құсы секілді қанатты қуырашақ бейнесінде көрсетеді. Әуезді әуенмен сүйіктісінің кеткенін, қараңғылық эффектісі арқылы сахналайды. Ділдә екеуінің той сахнасын режиссер күлкі ұялататын көріністер арқылы бейнелеп, түпкі ойды саралайды. Бұл сахнасында кейіпкеріліміз үлкен жылқыға отырып, артынан ерген кішілі-үлкен жылқыларды сахнаға шығарады. Күтіп отырған дүйім жұрт сайгүліктерін алған соң ғана, тойлатуды бастайды. Демек, екі жастың бас оқып, бақытты болуынан көрі дүние қоңызды ойлаған, өсекті іздеген халықты көреміз. Ащы болса да, бүгінгінің шындықтарының бірі. Адами қасиеттің жоғалуының белгісі. Суреткер заманауи әнші Kental'дың орындауындағы «Құдағи» әнін пайдаланған. Кейіпкерлер билеп сахнадан көремендерге шығып, айқайлап, шулап қазіргі күннің той атмосферасын силады. Мұнымен «Қырық күн тойын, отыз ойын» ұғымын, асыра сілтеушілік пен жабайлыққа балап отырғандай әсер қалдырды.

Тойдың артын жұтпен ұштастырып, жайылған дастарханды қиратады. Оны әдемі көркемдік шешіммен берген, себебі думаннан кейінгі қалған қошқардың қу сүйегін көреміз. Сирақтың ары-бері шашылғандығын  суреттей отырып, сахна сырттындағы шыққан дауыстар мен айтылған сөздер арқылы жұттың болып жатқаның көреміз. Осы сәтте ағасы Тәкежанмен болған конфликті, әже баласынан, ел баласына өткен кезеңді де сипаттай кетеді.

Режиссер қалың көрерменді пантомима жанрынан да құр қалдырмады. Ел азаматынан даналық пен ағартушылыққа келген мерзімді мына көріністерден байқаймыз. Құс бетпердесін таққан орындаушылар бірінен соң бірі таласып әлгі етікті киіп билеп көреді. Яғни бұл жерден көретініміз? Басталған істің аяғы шала жұмысқа айналуы. Жылтырлаған заттың артынан еріп, құндылықтардың құнсыздануы. Режиссер тағы да метафораны қолдана отырып, айтылмай жүрген мәселенің бірін ашты.

Тұғыры биік тұлғаны тарих беттерімен ұштастырып, ақынның жан дүниесін, оның қара сөздері, өлеңдері, Абай қоғамы, жанашырлары мен жақындары, өмірлік кедергілерін зерттей отырып ашқан. Бала Абайдан, философ Абайға дейінгі кезеңді заманауи талаптармен бізге ұсынып отыр. Ал, тұлпарды тізгіндеген қағаз бейнесі арқылы уақыттың зымырай өтіп жатқанын айқындайды. «Для достижения удачного сочетания театральности и реализма должна быть прежде всего найдена золотая середина между конкретностью и абстракцией, между определенностью темы и вымыслом, уводящим нас в сферу абстрактного, не связанного ни с временем, ни с местом» [8. 146] – деп Д.Гасснер айтқандай бұл қойылым тек қазақ халқының мұңмұқтажын жоқтамайды. Мұнда жалпы әлемдік, күллі адамзатты толғандыратын мәселелер көтерілген. Әрбір сахнасынан әрекеттермен қатар астарлы ойды іздеп отыратының да хақ.

Кеңес дәуірінің атақты режиссері М.Туманишвили: «Сочинять, фантазировать действия, обстоятельства, декорации, костюмы, шумы в данном приеме, данном ключе — вот истинное назначение мастеров сцены. Выстроить настроенческую драматическую ситуацию, внутрь ее «посадить» действие-борьбу и следить за тем, как она разовьется (точно по законам жизни) в этой среде, — этот процесс прекрасен, восхитителен» [9. 233] – деген режиссерлік пікірі А.Зайцевтің аталмыш қойылымына қатысты.  

Спектакль бүгінгі қазақ театрының жаңалығына айналды. Режиссер бұл қойылымды фантасмагорияжанрынды саханалады. «Фантасмагория» (представление) - жанр театрального представления в Европе в XVIII-XIX веках, в котором плане демонстрировалось пугающие образы: скелеты, демоны, привидения.» [10].  

"Мен бір жұмбақ адаммын" қойылымның инсценировкасының авторы Е.Локшина ақын емес, көбіне философ Абайды көрсетуге тырысқан. Ұлы Абайдың өлеңдеріне, қара сөздеріне, «Абай жолы» романынының желісіне сүйеніп, қойылым инсценировкасының арқасында тұғыры биік шығарма болды. Ақын өмірінің ең маңызды сәттерін ғана назарға  алып, біз көрген бүгінгінің Абайы болуына түрткі болған мәселелерді көрсетіп отыр. «В поисках приема инсценирования прозаического произведения научиться вглядываться не в свой будущий спектакль, а в автор, в самые важные, в самые существенные, хотя иногда и самые незаметные первому взору особенности его создания» [11; 137] деп айтылғандай Е. Локшина Абайдың «Менін» тапқандай.

Рольді орындаушылардың еңбектері баға жетпесі анық. Режиссердің берген мақсатын мен ойын түсініп, көрермендерге нақты жеткізіп отыр. А.Жақыпбаев, Э.Сүлейменова, Б.Қоюов, Т.Тлеулиева, Э.Кумарова, Г.Бейсенбаев, М.Камалов, А.Байырбекова, А.Сақтағанова, Ш.Құлназаров, Р.Абу, А.Нұрәлі, Ғ.Амангелдіұлы өз істерінің шеберлері екендігін дәлелдеді. Әсіресе актерлердің ұжымдық жұмыстары бірден көзге түседі. Дастархан сахнасы, көрермендермен қарым-қатынасы болған сәттерде ансамбль болғанының  дәлелі. Бұл ретте режиссер актерлермен жіті жұмыс жасағанын байқаймыз. Символикалық жағынан үлкен мән-мағына беретін рольдің бірі қанатсыз періштені, жас талантты актер Р.Абудің орындады. Актердің ойын барысында әр алуан ойға келесін, себебі бір көрермен періште көрсе, бірі кішкентай қанат жайып келе жатқан құсты көрді. Аспаннан құлаған сәтте періштені көре отырып, келесі бір көріністерінен құстық қылығы мен іс-әрекетін куә боласын. Әрбір сахана сайын ұшуға талпынған кейіпкердің сәтсіздігін, оның ішкі толғанысы мен қорқынышы арқылы жеткізе отырып, келесі бір сахнасында үміт оты кейіпкерді жандандырады. Көзін жұмып, қайта ашып ұштым ба деген сезіммен жерге қарауы аянышты ой қалдырады.

Актердің жан-жақты өнерлі болуы оның өз ісінің маманының шебері екендігінің белгісі. Драмалық бейнелерді көрсете отырып, қатар қуыршақ кейіпкерді шебер ойнатады. Қуыршаққа жан бітеді, тіпті тұтанған темені де тартып, түтінін шығарады. Көрермендердің таңғалысын көрмесекте естімеу мүмкін емес еді. Сол сәтте-ақ ұрылған қошаметті де көреміз. Қуыршақ Абайдың әр түрлі пішін де бола тұра, оны жүргізу шеберлігі актерлер үшін қиын болмады. Спектакльге өзіндік бөлек әлемге үңілгендіктен Абайдың бейнесі қуыршақ екенін естен шығып кетеді. Екі есе ауыртпалық түскен актерлер шеберліктерімен тек тамсандырары сөзсіз. Әсіресе, соңғы сахналардің бірі болған қағаз Пушкин мен қуыршақ Абайды кейіпкерінен байқаймыз. Шынайы жіне тірі ретінде көрінген екі бейне шеберліктің шыңы де қателеспес едік.

Қойылым хореографы Г. Дәулетқұлова жұмысын елеусіз салмасы анық. Өйткені спектакльдің таптырмас бөлігі болған хореография есте қалады. Актерлермен толығымен жұмыс жасалған, себебі синхрондық билерден байқалады. Және әр елдің мәдениетін еске отырып, би құрғаны байқалады. Демекте күлкіге толы би қатарлары да болды. Кейіпкерлердің мінез- құлқына қарай бейнелік қозғалыстарды да ойластырған.

Қойылым суретшісі Ю.Чернова режиссердің айтпақ ойын назарда ұстағаны сезіледі. Себебі қойылымның атмосферасын беретін бояулармен көрерменге өзіндік әсер қалдырады.

Режиссердің тапқыр ойларының бірін мына сахнасынан байқаймыз. Абайдың өлімін көрсетуде өмір жолын қатар басқан әйелдері арқылы түсіндіреді. Байырғы қазақ халқының дәстүрін негізге ала отырып, шаштарын жайған, жоқтау айтып сахнаға  үш әйел бейнесін шығады. Яғни, олар ақынымыздың заңды үш жұбайы. Қалемгердің дүниеден озғанын осылайша түсіндіреді. Бұл сахна көрерменді мұңды күйге түсіреді. Актрисалардың қазақ елінің мұңын қатар көрсетеді. Яғни, үй отағасы мен қатар қазақ елі ел тұлғасынан айырылды.

Осындай сахналарының бірі – Қодар мен Қамқа көрінісі. Айтарлықтай сахналық ойын болмаса, сол оқиғаны шалып өтеді. Біз оны бастапқы оқиға желісіндегі, сахнаның жерінен ашылған есіктен байқаймсыз. Бір кейіпкеріміз басынан төмен түсіп кете жаздайды, яғни бір былыптың ортасына. Сол кезеңде артқы фон арқылы жұрттың Қамқа, Қодар деп шуласып айтылған сөздерін естиміз. Оқиға желісіне бұл оқиғаны қоспай кету мүмкін емес –ті. Абайдың есейуіне әсер еткен бірден-бір фактор. Мұхтар Әуезовтің өзі де болған оқиғаны толығымен зерттей жаза кеткен. Сонымен қоса қазақ халқының дәстүріндегі қаталдықты да айта кете отырып, қызғаныш пен мансаптың жолында құрбан болған күнәсіз жандарды да қатар көрсетеді. Жекеленген көрініс болмағанымен, қазақ театрының көрермені оны сөзсіз түсінері хақ.

Орыс елінің қазақ жеріне тигізген әсерін де қойылым барысында көреміз. Режиссер ескірген көне тәсілге жандандырып, орыс театрының бастау алуына түрткі болған скарамох бейнесін енгізген болатын.Алғашқы қуыршақ театрының құралын көрермендерге қайта көрсетті. Бұл сахнада біз Ахмет Байтұрсынов пен революционерші Ленинді көреміз. Өз заманының төңкерісшілері болған ұлы тұлғаларды көрсете отырып, ғасыр жаңалығын айтады. XIX ғасыр адамдарының ойларын, идеологияларын түсіндіреді.

Екі алып елдің ұлы есімдерін қатар қоятын Абай мен Пушкинде режиссердің назарынан қапа кеткен жоқ. Жеке сахналық көрініс болған кезең көркемдік және мазмұндық жағынан тұғыры биік болды. Жолаушы ретінде кездескен екі кейіпкер, өз елдерінің мақтанышы. Әлем бойынша мойындаған тұлғалар сахнада бір заман адамы ретінде үлкен мән берді. Режиссердің ойластырылған мизансценалары оқылып жатты. Бір-бірімен үнсіз тілдескен ақындардың сахналық фоны жағынан да ұтымды пайдаланған. Жарық пен дауыстың сәйкес келіп, әсерлі етіп көрсе білген режиссердің жұмысын ел айтарлықтай. Қойылымның шешімі ретінде соңғы сахнасында берілген көрініс, спектакльдің атмосферасының үлкен нақты нүктесі болды.

А.Зайцев қазақ менталитетін жіті зерттеп, байырғы қазақ пен қазіргі қазақты ұштастыра алды. Әр көрермен өз Абайын іздейді. Ақынның шығармашылы ол-өзі деп айтпақ. Қалемгердің өмір баянын ғана естіп, оқып қана үйренген көрермендерге Абай кім? деген сұрақты жаңа жауап, Абай – мәңгілік.

Қазіргі көрермен сұранысын зерттей отырып, репертуарлық саясатты алдыға тарта сахналанған қойылым биік шыңның бірі және бірегейі. Қойылым режиссердің ізденістерінің айнасы екені ақиқат. Қазақ театрларының сахнасынан ғасырлар бойы түспей келе жатқан Абайға деген заманауи көзқарасы ретінде еңбекқор режиссердің қойылымы дәлел болмақ. Суреткердің жоғарғы деңгейде қойылған қойылымдарының соңы емес деген үміттеміз.

Тулақ Ұлбосын
Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА, театртану ІІІ курс