Мақала
"Үмітті" ақтаған жас актер - Жасқайрат
Бөлім: Театр
Датасы: 12.08.2020
Авторы: Әлия Шақуова
Мақала
"Үмітті" ақтаған жас актер - Жасқайрат
Бөлім: Театр
Датасы: 12.08.2020
Авторы: Әлия Шақуова
"Үмітті" ақтаған жас актер - Жасқайрат

К.С.Станиславский актер өнерінің бір ерекшелегін айтқанда ол, «кейіпкер дүниесіне тек өз сезім дүниең арқылы ене аласың» деген. Сомдаушылардың  рөл шығару процесі кезінде танымастай болып өзгерудің өзі бүтіндей өзгеріп кетуде пішін-қалпының  басқа  біруге  ұқсауында емес, орындаушы өзіне жат тағдыр дүниесін өз сезімі, өз тұлғасы арқылы  беруіңде толғана білуінде. Актер қаншама гримделгенімен, дауысын сан түрлі құбылтқанымен өз қалпынан шыға алмайды. Өзгеріс тек сезім, қиял дүниесінің байлығымен ойлау жүйесінің тереңдігімен келеді. Кейіпкер психологиясының ашылуы әр кезде актер талантымен шешіледі. Неғұрлым дарынды болса, сан алуан рөлдерді бір-біріне соғұрлым ұқсатпай мүсіндейді. Қазақ сахнасында өзіне ғана тән қасиеттерді сақтай білген, өз өнерін өрістетіп жүрген актерлеріміздің ізін жалғастырушы Валиуллиев Жасқайрат Сәбитұлы.

Ол, есімдері елге танымал Х.Есенжанов, Қ.Мырзалиев, С.Сейтіов сияқты ақын-жазушылар дүниеге келген киелі жер, Батыс Қазақстан обылысы Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. 

2008 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Виолончель» аспабы бойынша білім алған. Колледж қабырғасында жүрген кезінде түрлі байқауларға қатысып жүрді. Халықаралық «Da capo fine» фестивалінде «Виолончель» аспабы бойынша арнайы дипломмен марапталған. Аталмыш оқу орынын тәмамдағаннан кейін Жасқайрат Сабитұлы білімін жетілдіру мақсатында Алматы қаласын бетке алады. Виолончель аспабын арқалап бір топ талантты жас достарымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын аралап жүрген бозбаланының бұйырғы талантын танып, сонымен қатар оны актерлік өнердің қыр-сырымен қауыштырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атақты өнер шебері Ерлан Біләл еді. Қиялға толы толы, қарымы күшті, актерлік өнердің қызығы мен қиындығына алғашқы күндерінен-ақ құлай берілген бозбала ұстаздары Т.Аралбай мен Е.Нұрсұлтанның көз қуанышына айналып шыға келді. 

Академия қабырғасында 2014 жылы өткен республикалық студенттер арасындағы театрлық үзінді қойылымдар байқауында Ариэстель рөлі үшін 3-орын иеленді. Қазіргі таңда театр сыншыларының жоғарғы бағасына ие болып, өзекті қойылымдарымен танылып жүрген Ф.Молдағалиевтың студент шағында сахналаған В.Шекспирдің «Ричард» пьесасы бойынша қойылған үзінді спектаклі 2015 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық студенттер арсындағы режиссерлық байқауда І орын және Мәскеуде өткен халықаралық студенттер арасындағы байқауда бас жүлдеге ие болды. Жасқайрат осы қойылымда Ричард рөлін сомдаған болатын.

Өнер академиясының соңғы курсында оқып жүріп қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдық мерейтойының өтуіне тамшыдай болсын өз үлесін қосып, сахнада өнер көрсетті. Осы сәттен бастап өнердің майын ішкен нағыз майталмандардың назарына ілініп, сахна саңылақтарының батасын алды. Сол жылы театрға актер болып қабылданады. Театр сахнасында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері-Ақтоқтысында» Мұрат, Волдиннің «Қоштасқым келмейді» драмасында Сот, көпшілік сахналарда, эпизодттық рөлдерде ойнады. 

2016 жылы отбасылық жағдайларға байланысты туған жерге оралуына тура келеді. Актердің өнерге деген құштарлығы оны театрдан алыстатқан жоқ. Отбасымен қатар, театрда да жұмыс істеуді ұйғарып өңірдегі Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ дама театрына орналасты. Әкем театрдағы бір жылдық қызмет еткен кезі оған үлкен олжа болды десек артық айтқандық емес. Өнер майталмандарының ортасында өсті, өнді, қанаты қатайды. Тәжірбие арттырды. Осының нәтижесінде, ұжымдағы беделі мен сыйластығының арқасында қызмет атқарған үш жыл ішінде 2019 жылы театрдың көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.

Актердің бейне жасаудағы даралығын ашу үшін ол ойнаған спектальдерге тоқтала кетсек; У.Шекспирдің «Ромео және Джульетта» трагедиясында – Ромео, М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасында – Торай, Б.Васильевтің «Қасық қаным қалғанша» деректі драмасында – Лейтенант, Е.Домбаевтың «Махаббат серенадасында» – Ақатай, И.Ғайып «Мәңгілік Елдің Алтын Адамы» драмалық дастанында – Бақа, Ф.Буляковтың «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясында – Григорий, Н.Хикметтің «Шығыстың шерлі махаббаты» драмалық дастанындағы – Фархад, И.Ғайыптың «Ән Мұхит» драмасында – Әжігерей, У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясындағы – Бернардо, Р.Отарбаевтың «Сырым батыр» драмасында – Пагодин, Ж.Ануй, Х.Мюллердің «Филоктет-Медея» трагедиясында – Неоптолем, С.Досановтың «Тозақ шеңбері» драмасында – Қайрат, М.Балмолданың «Он төрт» реквиемінде – Ғұбайдолла Әнесов, Ш.Айтматовтың «Арманым-Әселім» лирикалық драмасында - Ілияс  бейнелері.

2017 жылы Х.Бөкеева атындағы облыстық драма театры Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында екі бірдей туындының тұсауын кескен болатын. Оның бірі – тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін, егемендіктің бағасын білу қажет екенін, ел намысы үшін бастарын қатерге тіккен жастар – қазақ халқының Тәуелсіздік үшін күресінің ажырамас бір бөлігі екенін жеткізетін Сәбит Досановтың «Тозақ шеңбері» драмасы (режиссері Самал Әбуов). Екіншісі – өрімдей жастардың қиянаттан көз ашпаған Қазақ елін Совет үкіметінен бөліп алып,  дербес мемлекет құруға талпынысы туралы баяндайтын М.Балмолданың «Он төрт» реквимі режиссері М.Томанов) жанрында сахналады. «Қазақ халқын қорғаушылар Одағы» деген атауы сөйлеп тұрған бұл ұйымның он төрт мүшесінің есімі  тәуелсіздігіміздің тарихында алтын әріптермен жазылары сөзсіз. 

Сахна мәдениетін меңгеру әр актерге сын. Осы күнгі жеткен еңбегі  оқығанының, көп жылдық ізденістің ізгі жемістері. Терең білімді интеллект иесі болу, өз «менін», ерекше қолтаңбасын қалыптастыру, талмай іздену, оқыған-тоқығанын игілікпен іске асыра білу – еңбекшіл өнер иесіне ғана тән құбылыс. Аянбай еңбек етіп, бір аптаның аясынды көрермендерге жол тартқан қойылымның екеуінде де басты рөлді сомдағанда Жасқайрат. Қайрат рөлін сомдаған Жасқайрат қойылым басталғанда сүйіктісі Фатимаға деген шынайы сезімін білдіріп жүрген еш нәрседен бейхабар бозбаланы көрсек, Қайраттың қайраттылығымен табандылығын көрсететін тұс «Қазақ елін басқаруға Г.Колбин тағайындалады» деген радио жаңалық еді. Қазақтың қайсарлығы мен рухының биіктігін, сабырлы, шыдамды бола жүріп, әділетсіздікке төтеп беріп, соның жолында темірдей төзіммен, өз дегеніне жете алатын халықтың ұлы екендігін көрсете білді. Жасқайраттың ширыққан отты жанары, ширақ қимылы шынай шықты. Ал, Ғ.Әнесов бейнесінде Жасқайрат қайсар, текті, рухты, ұйымдастырушылық қасиеттерге толы, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеудегі орының ерекеше екенін, адам рухы әрдайым еркіндікке, әділет пен теңдікке ұмтылатынын көрсете білді. Жасқайрат осы ретте өзінің дарынын тиімді, аялап барын салып баптағаны екі рөлінен көрініп тұр.

2019 жылы Хадиша театры сахнасында ойшыл-гуманист Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым» повесі бойынша «Арманым-Әселім» аттылирикалық драмасына инсценировка жасап сахналаған режиссері ҚР халық артисі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Талғат Теменов. Аталмыш қойылымының басты кейіпкері Ілияс рөлін Жасқайрат сомдады. Оқиға көлік жүргізушісі Ілияс пен жас сұлу Әселдің арасында өрбиді. Ата-анасының қарсылығына қарамастан Әсел мен Ілияс көңіл жарастыруға бел буады. Көп ұзамай Самат атты сәбилері дүниеге келеді. Алайда, Ілияс ұлына әкелік мейірім, жарына тамаша өмір сыйлай алмады. Өмірдің сынағына шыдас бермей, ащы судың соңына түсіп әбден адасады. Хадиша сылқымның артынан кеткен сүйіктісін қанша сарыла күтседе, қиын сәтті өзіне демеу болған Байтемірге ұлы екеуінің тағдырын сеніп тапсырады. Хадишамен бір болу бұйырмаған Ілияс уақыт өте ұлымен жан жарын аңсайды. Алайда бәрі кеш тұғын... Қойылымың басынан аяғына дейін әр түрлі күй кешетін Жасқайрат Ілиястың әр сахнадағы мінез-құлқын, жан-жақты зерттегі көрініп тұрды. Шынай сезімді бағалай алмаған Ілиясқа біресе ашуланып, біресе еріксіз жаның ашиды. Қойылымының алғашқы күні режиссер Т.Теменов Жасқайраттың рөліне қатты риза болып, басын иіп алғысын білдірген болатын. Қашанда аншлагпен өтетін бұл қойылым, көрерменің ыстық ықылысына бөленіп келеді.

Көрермен спектакльдегі актердің шынайы ойынын көре отырып, өмірдегі болып жатқан оқиғалармен салыстырады. Рөл орындаушы кейіпкер бақытты болса – қуанып, жыласа іштей мұңаяды, бұл құбылысты грек ғалымы Аристотель «Адам жанының күлу немесе жылау арқылы тазаруы» – деп атайды. Өнер сүйер қауымды іштей толғандырып, жүрек жібітер халге жеткізу, кәсіби тұрғыдан алғанда тек шебер актердің білімділігі мен көрегендігіне тиесілі.

Осындай қиыншылығы мол өнер саласында табысты еңбек етіп жүрген дарынды актер – Жасқайрат Сәбитұлы 2018 жылы Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер – 2018» Ұлттық театр сыйлығы «Үміт» номинациясы бойынша марапатталды. Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген, сондай-ақ өз қызмет саласында кәсіби шеберлігімен ерекшеленген жас буын өкілдерін  қолдау мақсатындағы «Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығының иегері.

Театр сыншысы Ә.Сығай: «Өнер атты құдіреті зор, ғажайып әлемнің бір тармағы – сахна деген киелі мекенге тек пешенесіне бақытты ғұмыр кешу нәсібі бұйырған жандар ғана тұрақтай алады. Бұлай дейтін себебіміз, кез-келген кісінің маңдайына біте бермейтін керемет бір белгісіз күш талантты пенделерді ғана аталмыш өңірдің тұрғындары санатына қоса алады... Театрдың тірек-таянышы саналатын ерекше нәзік жандар актерлер болып табылары бесенеден белгілі. Актер бойындағысын өзінің іс-әрекеті арқылы жеткізетін сиқыршы іспетті. Сондықтан да, ол ел назарында» деген болатын, осы тұста өнер әлемінде Жасқайраттың жарқырай бергенін тілейміз.

Сізге қызық болуы мүмкін: