Мақала
"Рустам Хальфин. Айнасыз автопортрет" көрмесі
Көрмені Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тенгри Умай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп ұсынады.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 16.07.2020
Мақала
"Рустам Хальфин. Айнасыз автопортрет" көрмесі
Көрмені Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тенгри Умай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп ұсынады.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 16.07.2020
"Рустам Хальфин. Айнасыз автопортрет" көрмесі

Виртуалды көрменің ашылуы 2020 жылдың 17 шілдесінде, сағат 12.00-де болады. Экспозицияда Хальфиннің 1980-2008 жылдардағы шығармашылық өмірбаянының әр түрлі кезеңдері ұсынылады. Шығармалардың көпшілігі суретші өмірінің соңғы жылдарында белсенді жұмыс істеген «Тенгри-Умай» галереясымен ұсынылған.  

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Владимир Филатовқа Хальфиннің туындыларын сақтағаны үшін және осы көрмені өткізу бастамасы үшін алғыс білдіреді. 

Рустам Хальфиннің (1949-2008) Қазақстандағы contemporary art-тың қалыптасуы мен дамуына ықпалы зор. ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстанның көркемдік жағдайының қарқынды өзгеруі көбіне оның ықпалы мен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Көшбасшы бола отырып, ол өзінің айналасында алғыр зияткерлік орта құрды, өзінің шәкірттері мен ізбасарларын басқарды. Хальфин жаңа бейнелеу тілдері мен тәсілдерін меңгеруде алғашқылардың бірі болды. Ол 1980 жылдардың ортасында жұбайы, суретші Лидия Блиновамен бірге пәтерлік көрмелер ұйымдастырады. Мәскеу сәулет институтын бітіргеннен кейін, ХХ ғасырдың көрнекті философтарының шығармаларын зерттеумен әуестенеді, онымен бірге өзінің көркемдік пікірі аясында пікірталасқа түседі. Атап айтқанда, француз постмодернизм философтарының еңбектері мен  Валерий Подороганың зерттеулері оны өз денесін зерттеуге итермеледі.

Экспозицияны орыс авангардының соңғы өкілдерінің бірі – Владимир Стерлиговтың әсерімен құрылған «Стерлигов кезеңі» туындылары ашады, 1971 жылы онымен таныстығы Хальфинге үлкен әсер қалдырды. Малевичтің шәкірті Стерлигов, кескіндемеде  сопақ-күмбезді өзіндік жүйесін жасап шығарды, оның негізінде «екі әлемнің  тірі жанасуын» қосатын қисық арқылы кенеп кеңістігін ұйымдастырудың әдісі болып табылады. Мұнда түс пен фон, абстракция мен бейнелілік арасындағы шекара жойылады. Стерлиговпен, кейінірек оның ізбасарларымен байланыс Хальфиннің шығармашылық дүниетанымының көкжиегін ашты, ол алдымен кескіндеменің пайдасы үшін сәулет өнерінен (1983), ал кейін өзін көкейкесті өнердің өкілі ретінде жариялады (1995). 

Сопақ-күмбезді жүйенің әсерінен жасалған кескіндеме – таза эксперимент, онда пейзаж кеңістігі нысан-ортаны, кеңістік пен түсті бақылауға арналған өріске ауысады. Мұнда үстіңгі және астыңғы бөліктер ауысады, заттар өз тығыздығын жоғалтады, салмақсыздыққа ие болады. Хальфин мұнда қалыптасқан жолмен жүруді жеткіліксіз деп санаған шебер кескіндемеші ретінде көрінеді, ол Малевич пен Стерлиговтың идеяларын дамытады.  

Кескіндемедегі зерттеу жұмысы Хальфинді алдыңғы дәуірлердегі кескіндеме саласындағы үлкен жетістіктерді түсінуге итермеледі – оның еңбектерінде Матисс, Сезанн, Малевич, Веласкестің шығармаларына сілтемелер бар. Веласкестің «Менинына» қатысты екі қақпа сөз сопақ-күмбезді жүйенің қисық сызықты құрылымымен өзгертілген танымал сюжет болып табылады – кескіндемедегі кеңістіктік эксперимент. 

Белгіленген мақсатқа табанды түрде жылжи отырып, Халь финнің кескіндемесі – көбіне абстрактылы, алдымен тұтас және үйлесімді, кенеттен «жарықшақтарға» ыдырай бастады, ал содан кейін суретші өз денесінің бөліктері мен іздерін зерттеуге бет бұрып, майды толығымен тастады. Нәтижесінде инсталляциялар мен инвайронменттердің үлкен топтамасы пайда болды, оны ол «Нөлдік деңгей. Сазды жоба» (1999-2001) деп атады, ол суретшінің жоғары жетістігі мен жеке трагедиясына айналды – екі қабатты ғимаратта орналасқан 18 метрлік адам мүсіні суретшінің қолымен жасалып, жойылды. Саз пластиканың квинтэссенциясы болып табылады және ол өнердің нөлдік деңгейін білдіреді.

Көрмеде «Суретшінің терісі» (1997) жобасының бірнеше инсталляциясы ұсынылған – Хальфин мен оның серіктестері түрлі материалдардан жасаған артефактілер топтамасы – «жыл сайын оңып кетеді», бұл суретшінің осалдығын білдіреді. Көркем емес материалдар қолданылған бейнелі туындылардың авторлық интерпретациясы шынайы визуалды пікірлер тудырады.

Бірнеше туындылар «Айнасыз автопортрет» топтамасына біріктірілген (1993) – көріністік адам мүсіні, онда сызықтардың кескіні қол мен жамбастың иілісін, айналадағы әлемнің ерігіш формаларымен «көз кескінін» білдіреді. Заттар мен құбылыстардың жасырын мәнін түсінуге ұмтылу, болмыс заңдылықтарын интуитивті білу, суретшінің өзі оның бір бөлігі болып табылатын ғаламның көркем моделін іздеу.

 

Көрме кураторы – Екатерина Резникова,
өнертану кандидаты 

 

 

Сізге қызық болуы мүмкін: