Мақала
Орталық музейдегі самаурындар көрмесі
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2020 жылдың 21 тамызы сағат 15.00-де "Самаурының қайнасын..." атты көрменің онлайн таныстырылымы өтеді.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 20.08.2020
Мақала
Орталық музейдегі самаурындар көрмесі
ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2020 жылдың 21 тамызы сағат 15.00-де "Самаурының қайнасын..." атты көрменің онлайн таныстырылымы өтеді.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 20.08.2020
Орталық музейдегі самаурындар көрмесі

Самаурындар сәндік безендірілуі мен қолданылуы тікелей байланысты өнертапқыштық туынды ретінде ұзақ та маңызды тарихқа ие. Самаурынға ұқсас құрылғылар антик заманда да белгілі болған. Мұндай «самаурындар» ежелгі Римде, кейіннен Азия мен Еуропада да таралған. Ал қазақ даласына самаурындар этномәдени байланыстар нәтижесінде, яғни сауда, айырбас, тарту-таралғылар түрінде келіп, біртіндеп тұмысқа енген.

Ұсынылып отырған «Самаурының қайнасын...» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің самаурындар коллекциясы) көрмесіне 50-ге жуық музейлік құндылық қойылған. Олардың қатарында самаурындардың кез-келген формадағы – «құмыра» мен «шардан» бастап, «рөмке» мен «цилиндрға» дейінгі түрлерін кездестіруге болады. Тарихы терең Орта Азиялық шәугімдер, құмған-самаурындар, XIX ғ. басы – XX ғ. тулалық фабрикалар – ағайынды Баташовтар, Шемариндер, Н.А. Воронцов, Б.Г. Тейле, Я.В. Лялин, М.Слюзберг, Ф.Ермилов және т.б. фабрикаларда жасалған самаурындар ерекше қызығушылық тудырады. Шемариндер сауда үйінің фабрикалық маркасы бар, сыйымдылығы 30 литр ең үлкен самаурын мен 1926 жылы Қарқаралы жәрмеңкесінде сатып алынған самаурынды ерекше екшеп айтуға болады.

Көрмеге самаурындар коллекциясымен бірге сервиздер, ас үй құралдары, Қазақстанның фарфор зауыттарының өнімдері қойылды.

Сізге қызық болуы мүмкін: