Мақала
"Таңғажайып та, нәзік әлем" көрмесі ашылды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 30.10.2020
Мақала
"Таңғажайып та, нәзік әлем" көрмесі ашылды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 30.10.2020
"Таңғажайып та, нәзік әлем" көрмесі ашылды

2020 жылы 28 қазанда Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таңғажайып та, нәзік әлем» көрмесінің ашылуы болды. Экологиялық ұйымдар қауымдастығы ұйымдастырған «Stop Musor» әлеуметтік жобасы аясындағы картиналар көрмесі келушілердің назарын қалаларда да, табиғат аясында да қоқыстың көбею проблемасына назар аудару үшін жасалған. Экспозицияда Қазақстанның қазіргі заман суретшілерінің 30 шақты жұмысы көрсетіледі.

Экспозицияға музей қорындағы классикалық және қазіргі заманғы суретшілердің – Нелли Бубэ, Мұхит және Руслан Ақанаев, Сәуле Сүлейменова, Жәмила Тәкен, Шаттық Батанның және өзінің шығармашылық жоларын енді бастаған – Алмас Нұргожаев, Нұрболата Асқар, Кәмила Баянова, Равиль Нарегеев, Темірәлі Нәжімеденовтердің туындылары қойылған.

Көрме қараша айының 6-на дейін жалғасады.

Осылайша, «Қоқысты тоқтат» жобасы аясында «Таңғажайып та, нәзік әлем» көрмесінің ұйымдастырушылары көрме экологиялық сипаттағы проблемалардың бар екенін еске салады және оларды біздің болашақ ұрпақтарымыз табиғаттың өзінің бастапқы түрінде қаншалықты әдемі екенін көре алатындай етіп шешу қажет деп ұйғарады.

Көрме жетекшісі – Айгерім Айдарбек,
өнертану магистрі, шет ел өнері орталығының қызметкері

Сізге қызық болуы мүмкін: