Мақала
"Уақыттағы саяхат" фотокөрмесі
Көрме - Германияның қайта бірігуінің 30 жылдығына арналады.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 25.11.2020
Мақала
"Уақыттағы саяхат" фотокөрмесі
Көрме - Германияның қайта бірігуінің 30 жылдығына арналады.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 25.11.2020
"Уақыттағы саяхат" фотокөрмесі

Қазақстандағы Гёте-Институт ҚР мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейімен бірге Шетелмен байланыс институтының (ifa, Штутгарт) Уақыттағы саяхат атты фотокөрмесін ұйымдастырады. Көрме неміс баспасөз фотографиясының әйгілі шеберлері Эрих Заломон мен Барбара Клеммнің біртуар тарихи суреттерін ұсынады. Қос фотографқа фотожурналистиканың дамуына салмақты ықпал етіп, өздерін әлемге танымал еткен ерекше авторлық фоторепортаж стилі тән.

Эрих Заломон (1886 жылы дүниеге келген, 1944 жылы Освенцим концлагерінде өлтірілген) – өз дәуірінің жұлдыз фотографы болған әрі өзін солай ұстай да білген – түрлі айла-тәсілдермен және жасырын фотоаппаратпен жұмыс істеген; мақсат – Әйгілі замандастардың алаңсыз сәттерін (танымал кітабы солай аталған) суретке түсіріп алу. Ол өз дәуірінің өте маңызды саяси және қоғамдық оқиғаларын сол кезде Ernemann-Werke концерні өндіре бастаған ықшам Ermanox фотоаппаратымен суретке түсірген. Судай жаңа және сол кездегі межелер бойынша кішкентай әрі ерекше күшті жарығы бар «Ernostar f1:2» объективті аппарат иесіне күңгірт ғимарат ішінде де штатив пен жарқылсыз-ақ жылдам сурет түсіруге жол ашқан. Фотографтың қажет болса, объективке арнайы тесік жасап, аппаратын шляпасына жасырып алуы немесе камера бағытталған адамды суретке түсіріп тұрғанын білдірмес үшін арнайы қосымша құралдар ойлап табуы секілді ерекше амалдарын бүгінгі таңдағы папарацци белсенді қолданады. Ол фотографиялар сол дәуірдің саяси және қоғамдық элитасының, сонымен қатар саяси ортадағы дайындалған қойылымсыз күнделікті іс-әрекеттердің ерекшеліктерін көрсетеді.

Барбара Клемм (1939 жылы дүниеге келген) – ең танымал неміс фоторепортёрларының бірі, аңызға айналған «Леонид Брежнев пен Эрих Хонеккердің аға-бауырлық сүйісі» суретінің авторы. Оның жұмыстары 1960 жылдардан бүгінгі таңға дейінгі Германия тарихын бейнелейді және бүгінде неміс халқының ұжымдық суреттік жадының берік бөлігін құрайды. Барбара Клемм репортёр үшін аса құнды қабілетке ие: ол қажет сәтте керек жерден табылып, кейін бүтін бір дәуірдің белгісіне айналатын суретті құжаттап қала алады. Ол да кездейсоқ сурет тәсілімен жұмыс істеді, бірақ жасырын фотоаппарат қолданбаған. Фотографтың суреттері автордың тақырыпты дәл білетіндігіне негізделіп, сол тақырыпты көпшілікке ашып береді. Иесінің кәсіби дағдысынан хабар бере қоймайтын кішкене әрі жеңіл фотоаппаратура оның маңызды оқиғалар мен ерекше жағдайларға қол жеткізуіне мүмкіндік берген. Сөйтіп Барбара Клемм саяси және қоғамдық оқиғалардың бүркеулі суреттерін жеткізуге жол табатын.

  • Уақыты: 26.11. - 25.12.2020
  • Орны: ҚР мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі, Көктем-3 шағын ауданы 22/1, Алматы
  • Журналистерге арналған пресс-тур: 25.11.20, сағ. 15:00
  • Байланыс: Виолетта Вологодская, көрме кураторы, тел.: +7 701 368 73 39
  • Гүлмира Жандыбаева, Гёте-Институт, тел.: +7 707 682 96 85
Сізге қызық болуы мүмкін: