Мақала
"Таң Шолпан" Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі
2020 жылдың 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде "Таң Шолпан" Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі өтеді.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 25.11.2020
Мақала
"Таң Шолпан" Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі
2020 жылдың 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде "Таң Шолпан" Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі өтеді.
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 25.11.2020
"Таң Шолпан" Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының онлайн-көрмесі

1998 жылы «Таң Шолпан»Халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қоры құрылды. Сол жылы «Тенгри Умай» галереясында алғашқы көрме өтті. «Таң Шолпан» деген атау жаңғыру, таңның атуы, таңғы жұлдызбен байланысты.

2019 жылы үлкен үзілістен кейін Қор өзінің шығармашылық қызметін қайта бастады. Осы уақыт ішінде әр қатысушы шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыста жаңа тәжірибе жинады, өзін-өзі таныды, жеке және кәсіби өсу кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда Қорда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Аустрия, Германия, Канада, АҚШ, Түркия елдерінің кәсіби көркемөнер саласында жоғары білімдері бар кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін сияқты түрлі өнер саласында жұмыс істейтін, басқа да елдердің кәсіби суретшілері бар. Қор дарынды суретшілерге әлемдік арт-кеңістікте өз шығармашылығын ашуға және көрсетуге мүмкіндік береді, олардың барлығын өнер мен шығармашылыққа деген махаббат біріктіреді, олардың әрқайсының өз көзқарасы мен өз тұжырымдамасы бар. Көрме үнемі жаңа бағыттарды, форманы, пластика мен композицияның мәнерлілігін, өзінің көркем тілін іздеп жүрген талантты жас суретшілердің шығармашылығын көрсетеді.

Әйел суретшілердің шығармашылығы арқылы әйелдің күші тек өзінің тұтастығы мен даралығын сақтай білу, өзін құрметтеуді және сүюді үйрену, өзімен үйлесімді өмір сүру қабілетінде ғана емес, сонымен бірге әйел – суретші-шебер, жасампаз, креативті ойлайтын және өмірге деген көзқарастарының өзіндік әсерімен қарайтын, оның барлық қиялдары, ойлары мен тәжірибелерін өзінің шығармашылық жұмысында бейнелейтінін түсінуге және мойындауға болады. Осы уақыт өмірінің, оқиғалардың, бүкіл ішкі әлемнің өзгеруі – осының бәрі осы көрмеге қатысушылардың шығармашылығында бар.

«Тұрақсыз 2020 жыл және әлемде болып жатқан оқиғалар адамдардың өміріне әсер етті. COVID-19 пандемиясына байланысты біз өмірге деген көзқарасты өзгерттік, құндылықтарды бағалауды үйрендік, әлем басқаша киіпке енді! Адамзат өмір салтын түбегейлі өзгертті, біз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатырмыз және бұрынғыдай өмір сүру мүмкін емес. Біз тұйық кеңістікте болуды үйрендік, онлайн оқыту, логдаун және т.б. не екенін білдік. Біз өзгердік! Біз әдеттегіден әдемі көруді және бағалауды үйрендік! Өміріміз бен шығармашылығымыз жалғасуда...», - деп атап өтті Қор Президенті, көрмені ұйымдастырушы, суретші Жәмила Тәкен.

Онлайн-көрмеге 100-ге жуық үздік кескіндеме және графикалық жұмыстар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Бұл белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстары: Сәуле Бапанова, Әсия Хайруллина, Раушан Базарбаева, Жәмила Тәкен, Гүлжамал Тагенова, Гүлжанат Қабижанова, Елена Тё, Айгүл Хакімжанова, Гүлшат Мәдібиева, Динара Нөгер, Елена Йоктон, Алтыншаш Алпысбаева, Лилия Позднякова, Дилором Мамедова (Өзбекстан), Роза Жанғарачева (Қырғызстан), Галина Швайгер (Германия), Марлис Лепичник (Аустрия), Әйгерім Ронахер (Аустрия), Лейла Ахмет-Осман (АҚШ), Айжан-Сара Жансейітова, Алмагүл Есімова, Жанат Көшен, Халида Мырзахметова, Құралай Аманжолова, Айжан Өмірбаева, Мария Сороковская, Лидия Дроздова, Наргиз Алиб, Жанат Табылдиева, Мадина Темірғалиева және басқа да дарынды суретшілер қатысты.

Көрме онлайн режимде әлеуметтік желілерде – Facebook, Instagram парақшаларында және YouTube арнасында 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады.

Сізге қызық болуы мүмкін: