Мақала
"Asia Doll" авторлық қуыршақтар мен Тедди аюлары көрмесі Алматыда
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 04.12.2020
Мақала
"Asia Doll" авторлық қуыршақтар мен Тедди аюлары көрмесі Алматыда
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 04.12.2020
"Asia Doll" авторлық қуыршақтар мен Тедди аюлары көрмесі Алматыда

2020 жылдың 9 желтоқсанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның «Asia Doll» қуыршақтар шығармашылық одағымен бірлесіп, Халықаралық авторлық қуыршақтар мен Тедди аюлары көрмесін ашады.  

Көрмеге Қазақстаннан (Алматы, Өскемен, Көкшетау, Тараз, Теміртау, Нұр-сұлтан, Семей, Алтай), Беларусиядан (Брест), Қырғызстан (Бішкек), Ресейден (Нижний Новгород, Мәскеу, Калининград, Барнаул) әр түрлі техникаларда жұмыс істейтін (полимерлік саздан жасалған авторлық қуыршақтар, тоқыма қуыршақтары, киізден жасалған қуыршақтар) 40-тан астам шебер қатысады.  

Көрме қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ бойынша жетекші шеберлердің, үздік суретшілердің коллекциялары мен шығармашылықтарымен таныстырады.  

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылады. Жоба аясында Жібек жолы тақырыбы бойынша авторлық жұмыстар көрсетіледі: бұл ҰЖЖ маршруты өткен елдер халықтарының ертегілерінің кейіпкерлері, этникалық костюм тақырыбы, сол уақытқа сәйкес келетін жануарлар мен адамдардың жинаушы бейнелері және тағы басқалар. Шеберлердің үлкен жұмысы мен қажырлы еңбегі бүкіл әлем бойынша жеке коллекциялар мен галереяларда құрметті орын алатын бірегей туындыларды жасауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға белгілі алматылық суретшілер, модельер-дизайнерлер, галеристер, бизнесмендер және т. б. қатысады. «Asia Doll» көрмесінің жұмысы кезінде барлық қалаушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырылады.  

Көрме 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады. 

Ұйымдастырушылар: 

  • Қазақстан қуыршақтар шығармашылық одағы;
  • ҚР Мемлекеттік музейі.
Сізге қызық болуы мүмкін: