Мақала
Орталық музейнее "Ретро шырша" көрмесі ашылды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 08.12.2020
Мақала
Орталық музейнее "Ретро шырша" көрмесі ашылды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 08.12.2020
Орталық музейнее "Ретро шырша" көрмесі ашылды

2020 жылдың 30 қарашасынан бастап Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің Орталық көрме залында Валерия және Светлана Крупконың отбасылық коллекциясынан шырша ойыншықтарының «РЕТРО ШЫРША» көрмесі көрермен назарына ұсынылды.

Шырша ойыншықтары – бұл Жаңа жыл мерекесінің басты символдарының бірі. Бұл шыршаның әдемі безендірілуі ғана емес, сонымен қатар әрбір үйдің дәстүрі, отбасылық естеліктер.

Крупко отбасы 10 жыл бойы жаңа жылдық әшекейлерді жинаумен келеді, коллекция 2000 дананы құрайды. Мұнда отандық өндірістің де, Германия, Польша, Чехиядан келген «бұйымдар» да бар. Шыныдан және мақтадан, картоннан және шыны моншақтардан жасалған, олар үйлерімізге мереке мен қуаныш сыйлайды.

Бірақ жаңа жылдық ойыншықтар – жай сәнді әшекей емес. Олардың да «тілі» бар. Оларды зерттеу арқылы, сіз мемлекет тарихын, оның жетістіктері мен ұмтылыстарын біле аласыз. Жаңа жылдық ойыншықтарды шығару Ұлы Отан соғысы жылдарында да жалғасын тапқаны таңқаларлық емес, өйткені  ол кезде қандайда бір мереке жайлы айтудың өзі күрделі еді...

Көрмедегі жәдігерлер бірнеше уақыт кезеңдеріне бөлінген, және сіз әр түрлі техникада жасалған сирек кездесетін үлгілермен таныса аласыз.

Көрме 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Көрме жетекшісі – Кожухова Татьяна Федоровна, қор сақтаушы.

Сізге қызық болуы мүмкін: