Ларс фон Триер 1956 жылы 30 сәуірде Копенгаген қаласында (Дания) туылған 1983 жылы Дания Кинематографистер институтын бітірді. Бүгінгі күн кино өнеріне кино тілінің жаңа суреттеу тәсілдерін әкелген көрнекті режиссерлардың бірі. 90-жылдар киносының көркемдік бағытына "Европа", "Рассекая волны", "Танцующая в темноте" тағы басқа да танымал фильмдері арқылы үлкен әсерін тигізді. "Догма-95" манифесінің негізін қалағандардың бірі. Ларс фон Триердің шығармашылығы нәтижесінде әлемдік кинематографистер қауымдастығы Дания кино өнеріне жаңа көзқараспен аса жоғары баға бере алды. Оның фильмдеріне басым көпшілігі экспериментті туындылар болғанымен де, классикалық киношығарма мәнері де аз кездеспейді. Алғашқы қысқаметражды фильмдерінен-ақ тақырыптық тосын ізденістер байқалған. Бұл ізденіс режиссердың толықметражды фильмдерінде де жалғасын табады, оның кинематографистік тілінде символика элементтері мен эмоциялық сипат элементтері жиі кездеседі.
Ларс фон Триер бүгінгі күн кинопроцесіндегі аса танымал режиссерлардың бірі. 20-ғасырдың соңғы он жылдығындағы кино өнерінің тарихын оның "Европа", "Идиоты", "Танцующая в темноте" фильмдерінсіз елестету мүмкін емес. Режиссердың әр жаңа жұмысы кино тілінің суреттеу тәсілдеріне жаңалық әкеледі, сол арқылы дискуссиялық талқылауларға негіз болады. Триер бір де бір фильмінде суреткер қолтаңбасы тұрғысында қайталанбайды. Мифологиялық шығармашылық режиссердың табиғатына біткен ерекше қасиеттердің бірі. 1991 жылы экранға шыққан "Европа" фильмі режиссердың жеті жылдық ізденісінің нәтижесі болып табылады және бұған дейінгі экранға шыққан "Элемент преступления", "Эпидемия" фильмдерімен тұтастықта қоғамдық күрделі қатынастар арасында адамгершілік қасиеттердің құлдырау сатысын аса шынайы көрсеткен трилогия лейтмотивін құрайды.
1994 жылы Ларс фон Триер "Королевство" атты төрт сериялы телевизиялық фильм түсіреді. Фильмнің көрермен арасында жетістігінің жоғары болғандығы сондай, 1997 жылы фильмнің жалғасын түсіруге мәжбүр болады. Телевизиялық жобаларының ара-арасында режиссер "Рассекая волны" фильмін түсіреді. Көркемдік деңгейі өте жоғары баға алған бұл фильм арқылы режиссер бірден «тірі классик» атағына ие болады және Феллини, Бергман сияқты кинодағы ірі тұлғалардың қатарына енгізілді. Фильмдегі бас кейіпкер – күйеуіне деген махаббат сезімі жне құдайға деген көзсіз сенім ерекшеліктері арқылы сипатталатын әйелдің басынан өткен оқиғалар әлемді дүр сілкіндірді. Режиссердың бұл фильмдегі түсіру тәсілдерінде де көп жаңалық бар: алғаш рет "жасанды телерепортаж" тәсілін пайдаланады, түр-түс палитрасының құбылуында эксперименттік тәсілдерді батыл енгізеді. Фильм Канн кинофестивалінде «Золотая ветвь» бас жүлдесін иеленеді. "Королевство" (1994), "Королевство-2" (1997) фильмдерін түсіру барысында көрермен назарына соншалықты әселі көріністер техника мен стилистикадан гөрі сюжет пен кейіпкерлердің әсері әлдеқайда терең болатынына көзі жетті. Түйсікпен сезінген осы жорамалдарын ол "Догма" ағымының манифестік негіздеріне қолданады.
"Королевство" қол камерасымен түсірілді, дәстүрлі монтаж және жарық қою тәсілдері мүлдем жоқ десе де болады. Нәтижесінде түр-түс көмескіленіп, кадр бұлыңғыр мәнерде ерекше атмосфера тудырады. Бұл мини-сериал Ларс фон Триерге алғашқы жетістік әкелді. Режиссердың 2000 жылы экранға шыққан "Танцующая в темноте" фильмі бірнеше Халықаралық дәрежелі кинофестивальдердің бас жүлделерін иеленді.
"Догма-95" манифесінің негізгі тұжырымдары мына ережелерден құрастырылған:
- Түсіру процесі табиғи ортада өтеді
- При съемках декорация қолданылмайды
- Дыбыс пен көрініс қатар жазылуы тиіс
- Түсіру жұмыстары тек қол камерасымен жүзеге асырылады
- Фильм түрлі-түсті болуы тиіс
- Оптикалық тәсілдер, фильтр қолданылмайды
- Өлтіру, қару қолдану сияқты қатыгез көріністер болмауы тиіс
"Догма-95" манифесіне қол қойғандар: Ларс фон Триер, Томас Винтерберг ("Торжество"-1998), Кристиан Левринг ("Король жив"-2000), Серен Краг-Якобсен.
Қолданылған материалдар:
- Ларс Фон Триер: Крест и стиль. // Искусство Кино, 1998, №12.
- Ларс Фон Триер: Жонглер во тьме // Искусство Кино, 2000, №5.
- Ларс Фон Триер: Моя главная добродетель – упрямство.
- Кирстена Якобсена. // Искусство кино, 2003, №9.
- Ларс Фон Триер: Сюрпризы равновесия. Беседу ведет Серж Кагански. // Искусство кино, 2003, №9.
- Абдуллаева З. Добрый человек из Догвилля. // Искусство кино, 2003, №9.
- Васильев А. Играть в идиота. // Искусство кино, 2003, №9.
- Карахан Л. Догвилль и окрестности, Канн-2003. // Искусство кино, 2003, №9.
- Ларс Фон Триер. Нужно все время себя провоцировать. Фрагмент из книги Датские режиссеры – диалоги о современном кино.// Искусство кино, 2002, №11.
- Ларс фон Триер: Главный идиот // Искусство кино, 1999, №12.
- Макнаб Джеффри «Большая дразнилка» о фильме «Торжество»//Искусство кино, 1999, №8.
- Назад к утраченному простодушию // Искусство кино, 1999, №12.