Online тәртібіндегі «Қастеев музейіндегі түн» мерекелік акциясы

Online тәртібіндегі «Қастеев музейіндегі түн» мерекелік акциясы

2021 жылдың 18 мамырында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күні мерекесіне (International Museum Day) арналған жыл сайынғы ауқымды жоба өтеді. Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы жылғы іс-шараның тақырыбы - «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңарту» / The Future of Museums – Recover and Reimagine». Еліміздегі және әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты, 2021 жылы жыл сайынғы «ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНДЕГІ ТҮН» мерекелік акциясы ONLINE тәртібінде өтеді. Негізгі хабар тарату платформасы - FaceBook және Youtube, сайтта қайталанады. Бұл күні OFFLINE экспозицияға барғысы келетін келушілер үшін музей әдеттегідей сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істейді. Музейге келушілерге кіру күні бойы тегін.

Арнайы шақырылған қонақ – «Портреттер неге үнсіз?» жобасымен Республикалық неміс драмалық театры . Идея авторы және режиссері - Наташа Дубс

18 мамырда әлемдегі музейлердің барлығы өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Халықаралық музей күні күнтізбеде 1977 жылы пайда болды, сол кезде ICOM-ның кезекті отырысында кеңестік ұйымның осы мерекені белгілеу туралы ұсынысы қабылданды. 1978 жылдан бастап, бұл күн жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі. Тек жылына бір рет, әлемнің барлық музейлері бір уақытта, яғни түнде келушілер үшін өз есіктерін айқара ашады. Әлемдегі «музей түндерінің» басты ұраны көрермендер үшін ашықтық пен қол жетімділік болып табылады. Соған сәйкес, «Қастеев музейіндегі түн» мерекелік көркемдік-мәдени акциясының басты мақсаты - алуан түрлі өнер түрлерін (өнер синтезі) кеңінен насихаттау және қалалықтардың назарын музей бағдарламаларына аудару. «Музей түні» - бұл Қастеев музейі жыл сайын 18 мамырда өткізетін және Халықаралық музей күніне орайластырылған бірегей көркемдік-мәдени шара.

2016 жылдан бастап «Қастеев музейіндегі түннің» барлық оқиғаларына қатысатын, іс-шараның (жоғарыдан қараңыз) логотипінде бар, жыл сайынғы іс-шаралардың тұжырымдамасын біріктіретін өзіндік маскоты (кейіпкер-бойтұмар) бар. 2018 жылы жеткілікті жазылушы жинаған #kasteyevnight хэштегі іске қосылды, бұл аудиторияның аталмыш іс-шараға деген шынайы қызығушылығын көрсетеді.

«Қастеев музейіндегі түн» - алматылықтардың мәдени тынығуының сүйікті орыны ғана емес, сондай-ақ жыл сайын 5000-нан 7000-ға дейін көрермен келетін өнер фестивалі. Сапалы ойын-сауық бағдарламаларының табынушылары 2016-2019 жылғы түндерді ұмыта қойған жоқ, дегенмен ұйымдастырушылар өзінің келушілеріне жаңа бағдарламаларды тура 2020 жылдағыдай  online форматында ұсынады.

Жыл сайынғы акцияға біздің тұрақты серіктестерімізбен бірге жаңа шығармашылық ұжымдар қосылады. Биылғы жылы Қастеев музейінің түніне ONLINE келушілерді «Қастеев музейіндегі түн 2021» жобасы үшін арнайы түсірілген керемет онлайн іс-шаралар мен бейне қойылымдар күтетін болады: «Tribal Pro» би шоуы, «Империя танца» балет мектебі, би мектебі GAMI, С. Червяков пантомима театры, «Джайли Танико» би студиясы мен Республикалық неміс драмалық театры. Сонымен қатар, танымдық бағдарлама да жоспарланған, онда музейдің әлеуметтік желілерінің жазылушылары музей залдары бойынша виртуалдық экскурсияларға қатыса алады. Негізгі хабар тарату платформасы FaceBook және YouTube

Іс-шараның алдын-ала кестесі:

Оnline формат: 12.00-ден 24.00-ге дейін – FaceBook ресми парақшасында   және Youtoobe каналында белгіленген уақыт ішінде 10-нан 15 минутқа дейінгі аралықта зияткерлік бағдарламалар мен ойын-сауық шараларының бейне-контентін ұсыну.

Офлайн формат: 10:00-ден  18:00-ге дейін Кіру тегін. Ойын-сауық шаралары жоспарланған жоқ.