Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы жарияланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көрнекті журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жариялады. 
Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы жарияланды
Бейсен Құранбек

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына байқау жариялады.

Байқаудың мақсаты - медиа саласындағы жастар шығармашылығын қолдау және көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.

Сыйлық 4 аталым бойынша тағайындалған:

  • Әлеуметік тақырыпқа арналған үздік ТВ сюжет
  • Әлеуметтік тақырыпқа арналған үздік мақала
  • Әлеуметтік тақырыпқа арналған үздік материал (әлеуметтік желі)
  • Әлеуметтік тақырыпқа арналған үздік фото

Байқауға 18-35 жас аралығындағы телевизия, баспасөз, интернет-ресурстар бойынша кәсіби және кәсіби емес журналистер қатыса алады. Сонымен қатар фотографтар, блогерлер де бағын сынай алады.

Жеңімпаздарды арнайы қазылар алқасы анықтайтын болады. Қазылар құрамына еліміздің медиа қайраткерлері кіреді.

Байқауға өтініштер 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайты арқылы қабылданады. Толық ақпаратты «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз.

Жеңімпаздарды марапаттау 28-маусым күні журналистер күні қарсаңында өтеді.