«Бетховен.Mute» музыкалық-театрлық қойылымның негізінде «Бетховен-Брамс-Шенберг-Лахенман-Кейдж» сабақтастық желісін құратын бес композитордың бес композициясы кіреді. Әр түрлі ғасырлардағы музыкаларды орындау электро-акустикалық интермедиялармен үйлесім табады (композитор - Санжар Бәйтереков) және театрландырылған қойылыммен сүйемелденеді (режиссер - Галина Пьянова). Жоба идеясы - өмірінің көп бөлігін мәжбүрлі дыбыстық оқшаулауда өткізген және соған қарамастан шығармалар жазған композитордың ХХ-ХХІ ғасырларда музыка қандай болатынын болжай алғанын түсінуге және естуге тырысу.
Эва Шмитт, Қазақстандағы Гёте-Институтының директоры, «Бетховен.Mute» жобасы туралы:
«Біз Қазақстандағы Гёте-Институты ретінде «Игеру» ансамбліне жүгініп, оларға Бетховеннің 250 жылдығына қазіргі заман тұрғысынан жоба әзірлеуді тапсырдық. Мұндағы мақсат – шақырылған оркестрдің Бетховен музыкасын жәй ғана ойнап беруінде емес, Бетховен шығармашылығының бүгінгі күндегі өзектілігін зерттеу және оны өзіндік «инфлюенсер» ретінде көруге мүмкіндік беру болды. Гёте-институты ретінде біз қазіргі мәдениетке және жергілікті мәдени сахна өкілдерімен диалогқа ерекше назар аударамыз. EEGERUді серіктестікке таңдап алу себебіміз: ол Қазақстан сахнасындағы заманауи музыка саласында ең беделді ансамбль болып табылады».
Раушан Жұманиязова, EEGERU заманауи музыка ансамбалінің директоры, «Бетховен.Mute» жобасы туралы:
«Менің ойымша, біздің әрқайсымызда, қазіргі заман адамының ішінде өз Бетховені өмір сүреді - дарынды, ізденімпаз, батыл және ... есту қабілеті нашарлаған. Жобаның бастапқы атауы «Біз бәріміз - Бетховенбіз» болуы бекер емес. Гёте-Институтының ұсынысы Бетховеннің идеясы шығармаларына арқау болған композиторларды ойға қонымсыз жолмен басын біріктірген осы бірегей жобаның пайда болуына түрткі болды. Бетховеннің тұлғасы, өмір баяны мен шығармашылығы ондаған ұрпақтар жалғастығында жеке және өзекті тарихи оқиға болып қабылданады. Композитор есту қабілетін жоғалтқан сайын, болашақтың музыкасын дөп баса алды, данышпанның ішкі түйсігі тереңдей түсті. Сіздерге осы жолды бізбен бірге жүріп өтуді ұсынамыз».
Анастасия Тарасова, ARTиШОК театрының атқарушы директоры «Бетховен. Mute» жобасы туралы:
«Біздің театр үшін EEGERU заманауи музыкалық ансамблімен жұмыс істеу әрдайым өсуге деген мүмкіндік, бұл керемет серіктестік құндылығы, мықты музыкалық материалмен танысу. Драма театры мен академиялық музыканттардың бір жерде қиылысуы Қазақстанда жиі кездесе бермейді. Қазақстандағы Гёте-Институты мен Людвиг ван Бетховеннің арқасында бұл шындыққа айналды. «Бетховен.Mute» EEGERUмен бірге жасап жатқан алғашқы жобамыз емес, 2019 жылы «Ер-Төстiк» камералық операсын шығарған болатынбыз, сондықтан пікірлес компаниямен қайта кездесіп, жұмыс істеуге өте қуаныштымыз».