Данияр Алшынов Canal+ телеарнасының сериалында басты рөлді сомдайды

Данияр Алшынов Canal+ телеарнасының сериалында басты рөлді сомдайды

Canal+ телеарнасы "Infinity" мини-сериалының түсірілімін бастайтындығы туралы 14 ақпанда хабарлады. Сериал 2021 жылдың 1 наурызынан басталып, бас-аяғы 14 апта Украина, Франция және Қазақстанда түсірілмекші.

Басты рөлде Селин Саллет және Данияр Алшынов. Сондай-ақ, Самал Еслямова, Влад Иванов,  Лекс Шрапнель, Карина Арутюнян, Анатолий Панченко, Эллора Торчия, Лорен Капеллуто, Джаррет Мерц сериалда бой көрсетеді.

Infinity сериалы әр қайсысы 52 минуттан тұратын 6 эпизодтан құралады.  
Режиссері: Тьерри Пуаро (Thierry Poiraud)
Сценарий авторлары: Стефан Паннетье (Stéphane Pannetier) және Жюльен Ванлеренберг (Julien Vanlerenberghe) 

Аннотация: 
Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) жауап қатпайды. Оның экипажы апатқа ұшырады. Осы уақытта Қазақстанда басы кесілген, үстін балауыз жапқан өлік табылады. Табылған өлік ХҒС-ның миссиясында болуы керек америкалық астронавт Энтони Курц. Ғарыштық бағдарламадан шеттетілген франциялық ғарышкер Анна Зарати  мен қазақстандық полицей Исаак Тургун бұл қызық жәйтті шешуге тырысады.