Жаңа мұражай қала тарихының ерте кезеңіндегі елеулі тұлға болған сәулетші
Павел Гурдэның 1892-жылы тұрғызған бұрнағы Верный балалар үйі ғимаратында ашылды.
Мұражай экспозициясындағы 40 мыңнан
астам экспонат мынадай 11 дәуірге бөлінген: «Алматының
ежелгі тарихы», «Алматының ортағасырлық тарихы», «Қазақ мемлекеті қарсаңында»,
«Жетісу этнографиясы», «Верный кезеңіндегі Алматы», «ХХ ғасырдағы Алматы»,
«Мәдениет пен өнердің дамуы», «Альпинизм тарихы», «Желтоқсан», «Алматы және ұлт
көшбасшысы», «Бейбітшілік пен келісім моделі».
Мұражай үш тілді ақпараттық дүңгіршектермен, тарихи бейнематериалдар
проекциясымен, сирек жәдігерлермен, дыбыстық сүйемелі бар голограммалық
көріністер сияқты заманауи коммуникация құралдарымен жабдықталған.
Сондай-ақ мұражайдың алғашқы келушілерінің
бірі болған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін
естеріңізге сала кетейік.
Алматы тарихи-өлкетану мұражайы 2001
жылдың қаңтарында ашылған болатын. Оның қоры ХХ ғасырдың 80-жылдары құрылған
Алматы тарихы және реконструкциясы мұражайынан қалған шағын фотоматериалдар мен
экспонаттардан тұратын еді. Кейін Алматы тарихи-өлкетану мұражайы Алматы
тарихының мұражайы болып атауын өзгертіп, ал 2016 жылы Алматы қаласының
мұражайы деген атауға ие болды.
Тұрмыс жабдықтары мен әшекейлер.
Верный кезеңіндегі үйдің ішкі көрінісі.
Түркісіб құрылысы кезеңіндегі теміржол бекетінің
үлгісі.
Алматы керамика фабрикасының өнімі.
Алматы шәй және кондитерлік фабрикаларының өнімі.
Алматы қаласының "Музыкалық" кезеңдері тарихы.
Алматылық альпинисттердің жетістіктеріне арналған
экспозиция.
Дерек: https://tengrinews.kz/picture_art/novyiy-muzey-goroda-otkryilsya-v-almatyi-308662/