Асанәлі Әшімовтің оқу-шығармашылық лабораториясы ашылды

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, профессор Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция мен шығармашылық кездесу өтіп, аталмыш өнер ордасында абыз актердің оқу-шығармашылық лабораториясы ашылды.
Асанәлі Әшімовтің оқу-шығармашылық лабораториясы ашылды

Өнер академиясының ұжымы ұйымдастырған бұл іс-шараға ұлт руханиятына қызмет етіп жүрген қайраткерлер: Нұрлан Оразалин, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Жүрсін Ерман, Нұртөре Жүсіп, Есмұхан Обаев, Нұрқанат Жақыпбай қатысты.

А.Әшімов театр мен кино саласында  қызмет етіп қана қоймай, өнер академиясында дәріс беріп, талай шәкірттерді кәсіби сахна өнеріне дайындаған ұлағатты ұстаз. Сахна шеберінен білім алған дарын иелері бүгінде республика көлеміндегі театрлар мен қазақ киноөнерінің білікті мамандарына айналып отыр.  А.Әшімовтің бұл оқу-шығармашылық лабораториясынан да ұлт мәдениетіне  қызмет етер ұрпақтың тәрбиеленіп шығатынына сенімдіміз.

Сізге қызық болуы мүмкін: