"Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклі шетел көрермендеріне ұсынылмақ

«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін Франция, Германия, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінің назарына ұсынады.
"Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклі шетел көрермендеріне ұсынылмақ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен халық композиторларының шығармалары, ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандары негізінде дала театрының элементтерін пайдалана отырып «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін Франция, Германия, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінің назарына ұсынады.
Қоюшы-режиссері және жоба авторы – «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі, «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Сонымен қатар, қойылым барысында «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. 
Гастрольдік турдың кестесі төмендегідей:
Париж 3 декабря в 19:00. Theatre Le Trianon

Канны 4 декабря в 20:00. Theatre Croisette

Брюссель 8 декабря в 20:00. Brussels 44 center 

Вена 11 декабря в 20:00. Mouth theater 

Москва 13 декабря в 20:00. Московский государственный театр "Модерн"