Қазақстан тарихында бірінші рет кескіндеме
каталогының толық иллюстрациялы ғылыми басылымын шығару басталды. Осы кезге
дейін өнер зерттеушілері 1971 жылы жарық көрген кескіндеме, мүсін,
театр-декорация және қолданбалы өнер туындылары енгізілген «Қазақстан бейнелеу
өнері» каталогын пайдаланып келді.
Өте жүйелі жүргізілген еңбектің бірінші томы 2016 жылдан көркемдік музейдің
Қамқорлық кеңесіне кіріп, оның шығармашылық және ғылыми жобаларын белсенді
қолдап келе жатқан Қазақстандағы және Орталық Азиядағы KPMG компаниясының
қолдауымен жарыққа шығуына мүмкіндік алды. Екінші томын 2018 жылы шығару жоспарланып
отыр. Бірегей коллекцияның қалыптасқан сәтінен бастап, музей қызметкерлерінің
сан буыны көп еңбек сіңірген осы басылым Қазақстанның музей қорын каталогтауға және Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ
басылымын дәріптеуге қосқан пайдалы әрі
маңызды үлесі болмақ.
«Қазақстан кескіндемесі» каталогы
екі томнан тұрады: 1 том – А-дан Қ-ға дейін, 2 том – Л-дан Я-ға дейін. Театр
көріністерінің ойын білдіретін және белгілі шеберлердің қолынан шыққан
декорациялардың, киімдердің, бутафориялардың, реквизиттердің эскиздері екінші
томның «Қазақстанның театр кескіндемесі» деген атаумен жеке қосымша болып
ұсынылады. Сергей Калмыковтың түрлі техникада жасаған еңбегінің тиянақтылығына
және 1100 туындысы енген «Сергей Калмыков» атты жеке каталогының шығарылуына
байланысты қылқалам шеберінің шығармашылығы кіргізілген жоқ.
Суретшінің өзі және еңбектері
жөніндегі деректер барлық томдарда бірыңғай үлгі бойынша беріледі. Томдар бір
ұстаным бойынша құрылған – суретшілердің есімдері мен мәліметтері қазақ тілінің
әліпбиі тәртібімен, әрбір шебердің шығармалары хронологиялық бірізділікпен
орналасқан. Туындыларды мерзімдеу авторлық қолтаңба, Ә. Қастеев атындағы ҚР
Мемлекеттік өнер музейінің құжаттамасы, сондай-ақ, ҚР Орталық мемлекеттік
мұрағаты қорының мәліметтері негізінде берілді.
Аталмыш басылым тек қана
кескіндемеге арналады және 1936 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Өмірбаяндық анықтамалардың қысқаша әрі ақпараттық үлгісі оқырмандарға суретші
мен оның туындылары жөнінде қажетті мағлұмат береді.
Айта кетерлік маңызды жайт,
картиналар музейдің қор-сатып алу комиссиясының шешімімен ғана алынған жоқ,
сондай-ақ, ҚР Мәдениет министрлігінің Көркемсурет көрмесінің дирекциясы мен ҚазКСР Суретшілер одағының Көркемсурет
қорынан жіберіліп отырды, сонымен бірге Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер
музейіне суретшілердің өздері мен жеке коллекциялардан сыйға берілді. Есімдері
музейдің каталогтары мен түгендеу кітаптарында мәңгіге қалатын сыйға
тартушыларға алғысымыз шексіз.
Каталогтың құрастырушы-авторлары,
мақсаты ғылыми әлеуетті ынталандыруды көздейтін кез-келген ғылыми басылымға тән
болашақ зерттеулер барысында, келтірілген мәліметтердің толықтырылуы мен
түзетулер енгізілуі мүмкін екендігін жете ұғынады.
Жобаның жетекшісі – Светлана
Кобжанова,
Өнертану ғылымдарының кандидаты, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ
директорының ғылым жөніндегі орынбасары