Өнер академиясында "Оазис" фильмінің көрсетілімі өтеді

2018 жылы 2 ақпан күні сағат 15:00-де Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында "Өнертану" факультеті мен "Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен режиссер Бегарс Елубайдың "Оазис" атты фильмінің көрсетілімі өтеді.
Өнер академиясында "Оазис" фильмінің көрсетілімі өтеді

 

Көрсетілім Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында өтеді. Көрсетілімнен кейін фильмнің түсіру тобының қатысуымен талқы-кездесу болмақ. Барша кино сүйер қауымға есігіміз ашық.

Фильмде өмірге деген көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын, мінездері де мүлдем бөлек екі жас жігіттің тағдыры баяндалады. Руслан - ананың мейірімін көрмеген тастанды бала. Полиция қызметкерлерінен қашып жүрген ол өзімен бірге бүкіл әлемді жойып жібермек ойы болады. Алайда шөлді далада ол жүрегінде иманы бар, төңірегіндегілерді махаббат пен мейірімділік нұрына бөлендіріп жүрген Абдолла есімді жігітті кездестіреді. Өзіне қол жұмсамақ болған Русланды құтқарып алса да, Абдолланың өміріне қауіп төнеді. 

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, «Asau Art Films» ЖШС қатысуымен

Жанры: психологиялық драма

Ұзақтығы: 88 минут

Қоюшы режиссері: Бегарс Елубаев

Сценарий авторы: Смағұл Елубаев, Бегарс Елубаев
Қоюшы операторы: Александр Рубанов

Қоюшы суретші: Джалалитдин Ибрагимов

Композиторы: Әділхан Байысбаев

Рөлдерде:Айдар Асарбай, Әділет Топаев, Сағат Жылгелдиев және басқалар.