«Аққулар...
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, енді қайтып оралмайды», – деп жырлаған Мұқағали айдын көлде қалқыған сұлу құспен бірге көз бен көңілден бал-бұл ұшқан құндылықтар мен Махаббат символы болған аққу құстың қасиеті адам бойынан жоғалып кеткенін көрсе, қайтер еді?..
Жоғалған махаббат пен аққулар енді қайтып ораларма?..
Премьераны көруге келіңіз, көрермен!