Алматыда ақын, кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың шығармашылық кеші өтеді

2018 жылдың 22 ақпанында сағат 17:00 Қазақстан жазушылар Одағының (Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 105) Конференц-залында ақын, кинорежиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбековтың "Очарованный странник" атты шығармашылық кеші өтеді.
Алматыда ақын, кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың шығармашылық кеші өтеді
Кеште автордың орындауындағы өлеңдер оқылып, "Избранное" және"Многоточие" атты екі кітаптың  тұсауы кесіледі. 
Назар салыңыз! Іс-шараға аккредитациядан өту қажет
313-11-32
8 702 611 20 65 Айнұр

8 7777 245 0092 Бауыржан


Бақыт Ғафуұлы Қайырбеков - кинорежиссер, сценарист, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Кинематорграфистер Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік наградасымен марапатталған, Еуразиялық телеарна және радио Академиясының академигі (Ресей), Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденінің иегері. 

1953 жылы 23 ақпанда Алматыда туған.  1970 жылы Алматы қаласындағы № 62 орта мектепті бітірді. Сол жылы, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебитет институтына түседі. 1975 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын әдебиет қызметкері (көркем әдебиетті қазақ тілінен орыс тіліне аудармашы-ақын) мамандығы бойынша тәмамда        йды. 1989 жылы КСРО Мемлекеттік кино (Госкино) жанындағы сценаристер және режиссерлар дайындайтын жоғары курсын бітірді (В. Грамматиков және Н. Михалковтың шеберханасы).

Ғылыми-танымал және деректі фильмдердің авторы: «Ақбосаға», «Возвращение в лоно неба», «Мен саған сәбимін», «В поисках собеседника», «Священный порог», «Клятва», «Свидание», «Возвращение к истокам», «Домусульманские обычаи и традиции казахов» «Послание настоящему», «Страсти натуралиста», «Қызыл трактор», «Путь истины», «Колючая нежность», «Сердце мое», «Священный Туркестан», «Асеке» және т.б. фильмдері Румыния, Ресей, Қытай, Иран, Венгрия, Германия мемлекеттерінде өткен халықаралықкинофестивальдерде дипломдармен марапатталған. Поэтикалық жинақтардың авторы: «Осенний диалог» («Жалын» баспасы, 1978), «Глагол жить» («Жазушы», 1982), «За живою водой» («Жазушы», 1986), «Менiм үйiм» («Жалын», 1987), «За решеткой строк» («Согласие», 1996), «Биография алмаатинца» («Өлке», 1998), екі томдық «Таңдамалы» (1998), «Дневник» («Интерприн»т, 2003), «Путь воды» (М., «Тезаурус», 2010), «Проснуться птицей» (2011), «Национальные обычаи традиции. Казахский этикет» (2011) және «Далекие и близкие» (2011) атты аударма еңбектері бар. Б.Ғ. Қайырбековтің аудармалары арқылы қазақтың ақындары мен прозаиктардың төмендегі шығармалары жарық көрді: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Родословная тюрков, казахов и киргизов, Қойшығара Салғариннің «Династии ханов», Асан Қайғының, Бұқар, Ақтамберді жыраулардың жырлары, С.Мұратбековтің, А.Сейдімбектің, Т.Жұртпаевтың, А.Жақсыбаевтың, А.Әлпейісовтің прозасы, Ғ.Қайырбековтің, Т.Молдағалиевтің, Т.Әбрахманованың, Е.Раушановтың, О.Асқардың, М.Мақатаевтың, І. Жансүгіров пен Ф. Ғабитованың және т.б.