«Наурыз-21» Халықаралық заманауи музыка фестивалі өтеді

Сәуірдің 2-нен 5-і аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Наурыз-21» халықаралық заманауи музыка фестивалі өтеді.
«Наурыз-21» Халықаралық заманауи музыка фестивалі өтеді

Қазақ ұлттық консерваториясының залдарында және аудиторияларында 7-ші рет қазіргі заманның жетекші музыканттары, ірі классиктер мен музыка революционерлері ең басты  ақпаратты беру үшін, XXI ғасырдағы музыка тілінде пікірталас жүргізу үшін, оның  ең өзекті бағыттарын көрсету үшін жиналады

Наурыз – Қазақстандағы заманауи музыканың жалғыз фестивалі. Алматыдағы VII фестивалдың «Ғарыштық», еуропалық мәртебесі Сальваторе Шаррино және Тосио Хосокавадан бастап, Актоты Раимкулова және Санжар Байтерековпен жалғасын тапқан келетін қонақтардың дәрежесімен ең прогрессивті музыканың орындалуымен айқындалады.

«Наурыз» қонақтары композиторлар Тристан Мюрай (Франция) және Клаус Ланг (Австрия), флейтист Марио Кароли (Италия), скрипкашы Владислав Песин (Россия), «Nikel» (Израиль), дирижер Федор Леднев (Ресей), «Игеру» (Казахстан) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрі.

Фестивальдің ауқымды концерттік бағдарламасы жоспарлануда, оның барысында 12 қазақстандық және 4 әлемдік премьера, сондай-ақ дәрістер, презентациялар, шақырылған қонақтар мен қазақстандық музыкатанттардың шеберлік сағаттары өткізіледі.. Мәселен, Тристан Мюрай «Дыбыстан музыкалық композицияға» қалай өту керектігін айтады және Клаус Лэнг «Махаббат және нота» тақырыбын ұсынады. «Наурыз-21» Фестиваль қонақтары туралы жетекші шетелдік БАҚ: «Мюрайдың музыкасы, Булез заманынан бері қазіргі заманғы француз музыкасының ең маңызды үлесі»— ««Игеру» мақсаты - жаңа академиялық музыканы білдіру, қарым-қатынас, шығармашылық, ой мен өмірдің құралы ретінде дамыту; қазіргі заманғы музыкалық шығармаларды құруға бастама және қатысу ».

—«Марио Кароли музыкалық санамен адамға бергісіз керемет үйлесімділік шеберлігіне ие».
«Наурыз-21» заманауи музыка фестивалі Алматыда 2004 жылдан бері өткізіліп келеді, және Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірованың айтуынша, «Қазірдің өзінде фестивальдің нақты нәтижесі ретінде өздерін танытудың  бірегей тілініздеуші музыканттар санының артуын, қазіргі заман музыкасының концерттеріне жаңа идеялар мен сезімдер үшін келетін тыңдаушыларды  атауға болады.Қазіргі заман музыкасының фестивалі ұлттық деңгейдегі мәдени іс-шараға айналғанына шын жүректен қуаныштымын».

Фестиваль концерттері:

2 Сәуір,

Тұсаукесер кеші

Тристан Мюрай. Симфониялық оркестрге арналған «Reflections 1-2» (Қазақстан тұсаукесері)

Ақтоты Райымқулова. «Толғау» симфониялық поэмасы

Клаус Ланг. Симфониялық оркестрге арналған «Siebzehn stufen» (Қазақстан тұсаукесері)

Санжар Байтереков. скрипка мен оркестр арналған концерт «Гелиос» (Қазақстан тұсаукесері)

Орындаушылар:

Дирижёр – Фёдор Леднёв (Ресей)

Солист – Владислав Песин (Ресей)

ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр

3 Сәуір

«Никель»

заманауи музыка ансамблініӊ концерті

(Израиль)

Энно Поппе. «Fleisch» (Қазақстан тұсаукесері)

Тристан Мюрай. «Vampyr» 
(Қазақстан тұсаукесері)

Энн Клир. «The square of yellow light that is your window» (Қазақстан тұсаукесері)

Клаус Ланг. «Bright darkness» (Қазақстан тұсаукесері)

«Никель» ансамблі:

Ярон Дойч – электрогитара

Патрик Стадлер – саксофон

Брайан Архинал – перкуссия

Антуан Франсуаз – фортепиано

4 Сәуір

Флейта музыкасыныӊ концерті

Марио Кароли

(Италия)

  1. Брайан Фёрнихоу. «Cassandra’s dream song» (Қазақстан тұсаукесері)
  2. Дойна Ротару «Jyotis» (Қазақстан тұсаукесері)
  3. Алиреза Фарханг. «Seihoun» (Қазақстан тұсаукесері)
  4. Сальваторе Шаррино. «Morte tamburo» (Қазақстан тұсаукесері)
  5. Тоcио Хосокава. «Vertical Song I» (Қазақстан тұсаукесері)
  6. Бейбит Дальденбай «Иллюзия» (әлем тұсаукесері)
  7. Федерико Гарделла. «Cinque cori notturni sotto la costa»(Қазақстан тұсаукесері)

5 Сәуір

«Игеру»

заманауи музыка ансамблініӊ концерті

(Казахстан)

  1. Тристан Мюрай. «Treize Couleurs du soleil couchant» (Қазақстан тұсаукесері)
  2. Клаус Ланг. «Drei goldene tiger» (Қазақстан тұсаукесері)
  3. Олег Пайбердин. «Guo hua» (Қазақстан тұсаукесері)
  4. Рахат-Би Абдысагин. «Celesti collisioni» (әлем тұсаукесері)
  5. Владимир Стригоцкий-Пак. «Портрет» (әлем тұсаукесері)
  6. Ольга Хромова. «Les ombres» (әлем тұсаукесері)

«Игеру» ансамблі

«Игеру» ансамблі:

Меруерт Туленова (флейта)

Дамир Буркитбаев (кларнет)

Арман Тлеубергенов (фортепиано)

Дина Курманалинова (скрипка)

Асель Исаева (скрипка)

Гюзель Байузакова (скрипка)

Павел Тарасевич (альт)

Айдар Куспанов (виолончель)

Көркемдік жетекшісі Санжар Байтереков

Дирижёр – Фёдор Леднёв (Ресей)

Тристан Мюрай (Франция) – француз композиторы. Педагог және музыкатанушы. Жерар Гриз секілді спектірлі музыканың негізін қалаған. Заманауи композиторлардың бірі. Париж консерваториясын О. Мессиннің классынан тәмамдады. Римде орналасқан Фрпнцуз Академиясының шәкіртақы иегері. 1973 жылы көпшілікке «Маршрут» (фр. L’Itinéraire) ансамбілінің негізін қалаушы ретінде танылды. Ол ансамбль спектарльді музыка , аспаптық тембр мен электронды дыбысталуды зерттеуге жол ашқан. Сонымен қоса «Пэчворк» музыкасын дайындауға арналған компьютерлік программа жасауға ат салысқан.

Тристан Мюрай жеке микрокомпьютерлі композиция авторы. Кейіннен IRCAM ірі ғылыми – зерттеу музыка орталығында бірнеше жыл қатарынан сабақ берді (1991-1997).Сонымен қоса «Пэчворк» музыкасын дайындауға арналған компьютерлік бағдарлама жасауға үлес қосты. Үлкен марапаттарының арасында Француз академиясынының тамаша өнер Римдік премиясы, Шарль Кро Академиясының Grand Prix du Disque-і мен Grand Prix du Président de la République бар.

Композитордың танымал еңбектерінің арасында оркестрлік (Gondwana, Time and Again, Serendib, L'Esprit des dunes, Le partage des eaux) шығармалары, әр түрлі құрам мен соло аспаптарына арналған (Désintégrations, Mémoire/Erosion, Ethers, Winter Fragments, Vampyr!) туындылары бар. Бұдан бөлек М. Мюрай заманауи музыка жайында бірнеше теориялық еңбектің авторы. Д.Шельси шығармашылығына да талдау жасаған.

Мюрайдың музыкасы Францияның заманауи музыка өнеріне П. Булез заманынан зор үлес қосқаны сөзсіз.

Клаус Ланг (Австрия) – австриялық композитор, органист және суырып салма. Оның өзіндік стилінің қалыптасуына американдық Дж. Кейдж ықпал етті. Шығармаларында К. Ланг әр түрлі акустикалық әдіс-тәсілдерді қолданады. Түрлі орындаушылық құрамдарға туындылар дайындайды. Автордың пікіріне сүйенсек, музыыка ол – естуге болатын уақыт. Шығармалары шығыс дүниетанамымен , әсіресе, жапонық философиямен тығыз байланысты.

Жапон драматургі және Дзэами Мотокиедің актерлік шеберлігі оқытылатын Shiga пьесасының желісімен жазылған К. Лангтың Die Architektur des Regensоп («Жаңбыр архитектурасы») алғаш рет 2008 жылы мюнхендік Биенналиде көрсетілді. Шығарма үлкен табысқа ие болды.

Композитор танымал ұжымдармен істес. Мысалы ішекті квартет Arditti. KlangforumWien заманауи музыка ансамблі т.с.с 2006 жылы К. Ланг Грацадағы музыка және орындаушылық шеберлік университетінде композиция профессоры болып тағайындалды. Ал 2010 жылы Анджея Добровольский премиясымен марапатталды (Австрия, Штирия).

Композитордың танымал туындыларының қатарында Die Architektur des Regens («Жаңбыр Архитектурасы») операсы, Der Weg des Prinzen («Ханзаданың жолы»), Origami композициясы, The Ocean Of Yes And No (« “Иа” және “Жоқ” мұхиты») тағы көптеген шығармалар бар

«Клаус Ланг – ойшыл, ғалым және суретші. Оның жұмыстары шектен тыс құнарлы музыкаға жол ашады» Robert Höldrich.

Марио Кароли

Марио Кароли (Италия) – бүгінгінің үздік флейтисттерінің бірі. Аспапты 14 жасында консерватория қабырғасында меңгерген. Болон консерваториясын А. Мориниде флейта класын бойынша тәмамдады (1989-1993), кейін М. Вислерде тәлім алды.

22 жасында әлемдік танымалдыққа ие Дармштадт Kranichsteiner Musik preis премиясын иеленген соң, ол өз заманындағы дарынды флейтисттердің бірі болды. Заманауи музыканың тыңдаушысы бола тұра, Марио сол кездегі композиторлардың шығармаларын түсіндіруші жанға айналады.

Репертуарында әр түрлі авторлардың шығармаларын табуға болады. Вивальдидан бастап Шарриноға дейін. Ибера мен Жоливе тағы бар. Ол концертте Шарино, Жоливе мен Фернихоудың флейтаға арналған шығармаларын толық ойнап шыққан жалғыз адам. Оған арнап С. Шаррино. Д. Куртаг, Д. Ротару сияқты әлем танитын композиторлар жек нөмірлер дайындайды. Флейталық концерттер жазады. Музыкант айтулы фестивальдардан жиі бой көрсетеді. Лондон филармониялық оркестірінде, П.Булез басқаруындағы Стокгольм Филармониялық оркестірінде, П. Этвёша, Х. Холлигер, К. Мандел, К. Оно секілділерде өнер көрсетеді.

Әлемдік жетекші музыка журналдарының бірі «American Record Guide» былай жазған: «Марио Каролинің бойында адамның қабілетінен тыс шеберлік пен ерекше музыкалық интеллект үйлесім тапқан».

Федор Леднёв

Федор Леднёв (Россия) – дирижёр, вокалист, Remake вокалдық сексетінің қатысушысы. Санкт-Петербург консерваториясын хорды және опералы- симфониялық дирижерлеу классы бойынша тәмамдады. Ресейдегі жетекші оркестірлермен жұмыс істеген. Солардың арасында Е.Ф. Светланова атындағы мемлекеттік оркестр, Ресей Ұлттық оркестрі, Санкт- Петербург филармониясының Академиялық Симфониялық оркестірі және Music Aeterna хоры бар (Пермь). Федор Леднев заманауи музыка орындайтын ансамбльдермен де шығады. Мәселен, Жаңа Музыка Студиясы, ГАМ-ансамбль (Москва), Nostri Temporis (Киев), KNM (Берлин), Phoenix (Базель).

Ф.Леднёв – Мәскеу заманауи музыка ансамблінің арнайы шақыртылған дирижері. Ресейлік және еуропалық фестивальдердің тұрақты қатысушысы. 2001 жылы ПРО АРТЕ Институты жанынан құрылған Санкт –Петербург eNsemble заманауи музыка ансамблін басқарып келеді. Оның басқаруымен 200-ге жуық жаңа шығарма орындалды. Вокалист ретінде де көптеген ескі қойылымдар мен жаңа операларда бой көрсетті. – «Эней в Лацио» Сарти (1999), «Якоб Ленц» В. Римма (2001), «Орфей» Монтеверди (партия Орфея, 2002).

Дирижер ретінде Федор Леднев шығармалардың көркемдік түсініктемесіне жауапты. Ал заманауи музыка жайында сөз қоғалған кезде, қалыптасқан философиялық және эстетикалық ұснатымның бар екендігін білдіреді.

Владислав Песин

Владислав Песин (Ресей) – скрипкашы, Санкт-Петербург консерваториясының түлегі ( проф. А. Резниковскийдің классы, Е. Комаровская, Е. Шафранның, 1998). Sweelink-Conservatoire (Амстердам, 1996), Мәскеу мемлекеттік консерваториясында (2001-2002) профессор С. Гиршенконың классында білім алған. В. Либерман, Т. Цеетмайер, Г. Кребберс, М. Леонхардт секілді музыканттардың шеберлік сағаттарына қатысқан. Музыка достары қоғамының шәкіртақы иегері Gartov Stiftung (Германия), Халықаралық «Франц Шуберт XX ғасыр музыкасы » (Грац, 1997) конкурсының Лауреаты, Пьетро Локателли атындағы (Амстердам, 1997), Йоханнес Брамс атындағы (Гданьск, 2003) шәкіртақыларды иеленген, сонымен қатар (1999 бен 2004 жылдардағы) камералық музыканың арнайы сыйақыларын алған. Ал 2012 жылы Дармштадта (Internationales Musikinstitut Darmstadt) Халықаралық Музыка Институтының «Интерпретация» аталымындағы сыйақысына тағайындалған.

Жеке концерттік бағдарламасын Германия, Италия, Франция, Испания, Голландия, Австрия, Финляндия, Норвегия, АҚШ, Индонезия, БАӘ елдерінде қарқынды жүргізіп келеді. Playel-trio-ның құрамында үнемі концерт ұйымдастырады.Бұл топтың концерттерін WDR-3, NDR-3, Ресей Радиосы , Радио «Орфей» жиі беріп тұрады. МАСМ құрамында болған кездері К. Ланг, М. Андре, Ф. Леру, Ф. Филидей, Л. Андриссен, Б. Фуррер, К. Штауд, Ж.-Л. Эрве және өзге ресейлік премьераларда бой көрсетті. Жеке өзіне арнап жазылған А. Изосимова, Д. Курляндский, А. Попов, Е. Лангер, Б. Филановский, Е. Рыкова, А. Филоненко, М. Коломийц, Дж. Кох сияқты авторлардың шығармаларының алғашқы орындаушысы.

Владислав Песин музыка тарихының бүкіл кезеңін қамтитын жан- жақты талғамымен ерекшеленеді.Әдемілік пен жайлылықтан басталып, қорқыныш пен үрейге бой алдырады.

Ensemble Nikel in Luzern and Bern 2016

«Nikel» (Израиль) – Израиль, Франция, Бельгия және Швеция музыканттарын біріктіруші заманауи музыка ансамблі. 2006 жылы Тель-Авиведе негізі қаланған. Оның құрамында – саксофон, электрогитара, ұрмалы аспаптар және фортепиано бар. Ансамбльдің шығармашылығы камералық музыканың жаңа бағыты болып табылады, оның идеясы дыбыстың белгісіз мәнерлі мүмкіндіктерін табу, электронды және акустикалық құралдарды біріктіру және контрастылық жанрларды синтездеу болып табылады.

Nickel Ансамблі – Donauecshinger Musiktage, Wien Modern, Ultraschall және Дармштадттағы заманауи музыканың Халықаралық жаздық курстары сияқты қазіргі заманғы беделді фестивальдер қатысушысы. Ұжым концептуальдық перфоманстарға ат салысады және «Minusone» жеке жобаларының жасаушысы ретінде танымал. Nikel Ансамблі Ф. Бедросян, М.Бэл, Р.Сандо, П.Биллоне, К.Гаденштёттер, Х.Черновин, Ф.Юрель, Э.Могиллянскилердің және басқа да көптеген жаңа заманның жетекші композиторларының әлемдік шығармаларын орындайды.. Ансамбль құрамы : Ярон Дойч (электрогитара), Патрик Стадлер (саксофон), Брайан Архинал (перкуссия), Антуан Франсуаз (фортепиано).

Nikel шеберлері классикалық және соңғы музыкалық жабдықтарды біріктіреді де, біртұтас дыбыс құралына айналдырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі – Қазақстанның ірі музыкалық ұжымы. Оркестр 1958 жылы Қазақ радиосының симфониялық оркестрі негізінде құрылды және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына енді (Алматы). Оның ұйымдастырушысы, жетекшісі және бірінші дирижері - Қазақ КСР-нің халық әртісі, Ресейдің халық әртісі, Татарстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының халық әртісі Фуат Шәкірұлы Мансұров болды.

Дамудың ондаған жылдарында ұжымды көптеген танымал музыканттар басқарды– Виктор Яковлев, Илья Островский, Шамгон Кажгалиев, Газиз Дугашев, Тимур Мынбаев, Ренат Салаватов, Тулепберген Абдрашев. Дирижерлік пультті ұстаған танымал маэстролар Л. Гинзбург, А. Кац, К. Элиасберг, Й. Домаркас басқа да танымал дирижерлер қатарының әрқайсысына оркестр қалыптасуындағы жаңа қадаммен қарыздар. Ұжымның серіктестері қатарындағы танымал музыканттар : С. Рихтер, Л. Оборин, Н. Петров, В. Крайнев, Г. Кремер, М. Ростропович, Д. Шафран, Н. Шаховская, И. Архипова, В. Пьявко, В. Норейка, М. Биешу, Ю. Мазурок, Г. Аксельрод, А. Ведерников, Р. Керер, А. Гаврилов, Д. Шаповалов, М. Майский, Г. Муржа, Л. Тимофеева, Н. Трулль және де бірқатар көрнекті орындаушылар.

Қазіргі уақытта оркестрді жас дирижер Қанат Омаров басқарады, оның жетекшілігімен жаңа бағдарламаларды меңгеріп, ірі шығармашылық жобалар мен фестивальдарға бастама көтеріп, еліміздің жетекші ұйымдарымен бірлесе жұмыстар атқарады.

«Игеру» Ансамблі (Казахстан) – бұл әзірге Қазақстандағы заманауи музыканың алғашқы және соңғы өкілдері болып табылады. Ұжым 2015 жылы Құрманғазы Қазақ Ұлттық консерваториясы жанынан құрылды. Негізін салған көркемдік жетекшісі Санжар Байтереков. Игеру өзге заманауи музыка ансамбльдерінен өзгешелігін айта кетейік. Топ тек европалық (флейта, кларнет, фортепиано, скрипка, виолончель) аспаптарда ғана емес, өзіндік қайталанбас дыбысы бар қазақтың ұлттық аспабы қыл-қобызда да ойнайды.

Құрылған кезінен «Игеру» ансамблі қазақстандық 20-дан аса шығарманы, ХХ ғасырдың 2-жартысына жататын батыс-европалық композиторлардың ірі шығармаларын орындап шықты. Бұдан бөлек ансамбль Қазақстан мен ТМД аумағындағы арт-алаңдарда өнер көрсетті. «Трансформа», «ARTиШОК» театрының кіші залы және К. Молдобасанов атындағы Қырғыз Ұлттық консерваториясының үлкен залы. 2018 жылы V Халықаралық орындаушылар «Откровение» фестивалінде Мацкович Көктемі аталымында өнер көрсетті.

Соңғы кездері Игеру ансамблі жаңа композиторлардың шығармаларын дәріптеп жүр. 2015 жылдан топ «Рецензиядағыы композитор» деп аталатын еуропалық ынтымақтастық түрін енгізді. Соның арқасында 2016 жылдан жас әрі талантты композиторлар қатары көбейіп жатыр.

«Игеру» ұжымының мақсаты — қарым-қатыныас, өнер, ой мен өмірмен етене байланысқан жаңа академиялық музыканы дамыту. Заманауи, жаңа музыка жасауға ат салысу.

Еске саламыз, «Наурыз-21» халықаралық заманауи музыка фестивалі Сәуірдің 2-нен 5-і аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында өтеді. Концерттерге кіру билет бойынша. Билеттерді ticketon.kz и conservatoire.kz сайттарынан ала аласыздар.