Мақала
«Лир Патша»: Болған екен үш қызы әкесінің
Елік Нұрсұлтан қазақ драма театрының көрермендеріне үйреншікті спектакльдерден мүлдем өзгеше дүниелерді ұсынуда
Бөлім: Театр
Датасы: 12.02.2017
Авторы: Ольга Малышева
Мақала
«Лир Патша»: Болған екен үш қызы әкесінің
Елік Нұрсұлтан қазақ драма театрының көрермендеріне үйреншікті спектакльдерден мүлдем өзгеше дүниелерді ұсынуда
Бөлім: Театр
Датасы: 12.02.2017
Авторы: Ольга Малышева
«Лир Патша»: Болған екен үш қызы әкесінің

Жас режиссер Елік Нұрсұлтанның «Лир Патшасы» биылғы жылғы халықаралық «Откровение» театр фестивалінің қазақстандық бағдарламасына енген қазақ тіліндегі бірден-бір спектакль.

М.Әуезов театрының кезекті режиссері, Болат Атабаевтың шәкірті Елік Нұрсұлтан қазақ драма театрының көрермендеріне үйреншікті спектакльдерден мүлдем өзгеше дүниелерді ұсынуда. Оның қазақ театрына деген көзқарасы шымылдықтың екі жағындағылар да әркез қабылдай бермейтін ерекшелік пен өзектілікке ие.

Режиссер трактовкасы бойынша Шекспирдің «Лир Патшасынан» тек бес кейіпкерді қалдырды: Лир, Гонерилья, Регана, Корделия мен Кент. Ол декорациядан, драматург жазған дәуірді сыртқы форма арқылы суреттеуден бас тартты, ал сюжеттен ең негізгі оқиға – патша мен қыздарының арасындағы өзара қатынасты ғана қалдырды. Нәтижесінде: әркім өз тағдырын өзі бұзады деп келетін Шекспир өсиеті арқылы адами кемшіліктерді батыл, әрі заманауи түрде жеткізген тәмсіл пайда болды.

«Лир Патша» - жын ойнақтың әр түріне бай спектакль. Бұл жын ойнақтардың әрбірі кейіпкерлердің өзіне ғана тән әрі өзгеше ерекшелікке ие. Бір жарым сағат бойғы монологтарға, диалогтарға, символдарға, аллюзиялар мен қақтығыстарға толы сөз шоғыры, сахнада болып жатқан жәйттердің жан-жақтылығы Фейсбук лентасын еске салады.

Спектакльдегі Лир рөлінде кино және театр саласында Қазақстан тарихындағы ең елеулі кейіпкерлерді сомдап жүрген актер Дулыға Ақмолда ойнады. Негізгі кейіпкерлерді сомдау арқылы алған үлкен тәжірибе мен жауапкершілік режиссер Елік Нұрсұлтан ойлап тапқан әлемнен өз орынын анықтаған актер Дулығаны көрсетті. Ол Әуезов театрының труппасына үйреншікті сахнада өмір сүру тәсілінен алыстап нақты, әрі шынайы ойын көрсетуі арқылы Мәдениет министрлігі жасайтын «тосын сыйларға» қарамастан мемлекеттік театрға деген мақтаныш сезімін оятады.

Ақмолда – спектакль бойынша жұпсыз ойнайтын жалғыз актер: патша қыздарының және граф Кенттің рөлін сомдаушы актерлер қойылым соңына дейін кезекпе-кезек жұптарын ауыстырып отырды. «Лир Патша» кенеттен тағы бір мәнге ие болады (саяси деуге келеді) – көшбасшының жанына кім келсе де сценарий толығымен тек патшаның құзырында екені көрсетіледі. Жалпы, басқарушы мен оның таққа таласқан үш қызының сахнаға шығарылуы классикалық жылтырауығын алып тастағанда шын мәнінде өте батыл акцияға ұқсайды. Осы кезде Елік Нұрсұлтанның өнер академиясында кімнен тәлім алғаны еріксіз еске түседі.

Бір қарағанда «Лир Патша» қарапайым, бірақ символдарға толы. Сахнада пайда болатын тілі жоқ сағаттың түрлі цифрлы беттері аумалы-төкпелі заманды, не болмаса кезеңділікті көрсетеді. Соңғы сахнадағы «алтын қима» принципі бойынша векторлармен бөлінген «Джаконда» проекциясы дәстүрлі өнерді қайта жаңғыртқандай, оны көріністер мен секторларға бөлгендей әсер қалдырды, - яғни, көрермендерге режиссердің түпнұсқамен жұмыс тәсілін түсіндірді. Және соңғы сахнадағы түсінікті метафора спектакльдің соңғы нүктесін қойды: Лир басына жез тегешті киіп алады. Бүркенеді.

Қысқа әрі былайша күрделі емес спектакльде Елік Нұрсұлтан диалогтарға құрылған оқиғадан да күрделі дүниелерді айтты. Ол мемлекетімізде болып жатқан жайттар жайында, отандық театрлардағы (өзі қызмет ететін театр туралы да) және жалпылама заманауи өнер турасында да өз ойын жеткізді.

Бірақ, «Лир Патшадағы» ең маңыздысы спектакльден кейін және соның төңірегінде болып жатқан жәйттер: спектакльге көрремендер келеді, спектакльді сол Әуезов театрындағы режиссердің көптеген әріптестері қабылдамайды, бірақ «Откровение» фестиваліндегі көрсетілімінен кейін келген халықаралық театр эксперттері қоюшы-режиссермен танысуды қалап, спектакльдің видеосын сұрауда. Жез тегеш - әзірге қазақ театры туралы емес.