Мақала / #студентСөзі
Сексеннің сеңгіріне шыққан ұлы актер
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Халық әртісі, «Құрмет», «Алтын қыран» ордендерінің иегері, театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог Асанәлі Әшімұлы Әшімов 80 жаста
Бөлім: Театр
Датасы: 28.09.2017
Авторы: Таңірберген Ембергенов
Мақала
Сексеннің сеңгіріне шыққан ұлы актер
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Халық әртісі, «Құрмет», «Алтын қыран» ордендерінің иегері, театр және кино актері, режиссер, сценарист, педагог Асанәлі Әшімұлы Әшімов 80 жаста
Бөлім: Театр
Датасы: 28.09.2017
Авторы: Таңірберген Ембергенов
Сексеннің сеңгіріне шыққан ұлы актер

Мемлекет көлемінде тойланып жатқан мерейтой, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының назарынан тыс қалған жоқ. Тікелей Асанәлі Әшімовтің қатысуымен түрлі іс-шара, конференция өтті. Академия ректоры Б.Нұрғалиқызы, Театр өнері факультетінің деканы А.Бекенұлы, өнердегі үзеңгілес әріптестері Е.Обаев, Ә.Рахимов, Ж.Ерман, П.Момынов және т.б. қазақ майталмандары өз жүрекжарды тілектерін айтып, алғыстарын жаудырып, ықылас ниеттерін білдіріп жатты. Мерекелік кездесу ұлағатты ұстаздың шеберханасында өз жалғасын тапты.

Кеште Асанәлі Әшімовтің қазіргі таңдағы шәкірттері «Айлакер жесір» спектаклiнен үзінді көрсетіп халық ықыласына бөленді. Бұл қойылымның режиссері Асанәлі Әшімовтің өзі екен. Бір үйдің баласындай жұдырықтай жұмылған шәкірттері «Аң патшасы – арыстан» атты әлі сиясы кеппеген туындыларын академияның оқу театрында көрерменге ұсынды. Залда ине шаншыр орын болған жоқ. Халық дән риза, ұстаз қуануда, не дегенменде торқалы 80 жас. Ал, шәкірттері үшін оның қолынан ұстап, сахнаға шығару қандай бақыт... Асанәлі Әшімовтің көзіне жас келді.

Осы жасқа жеткенде арманда, жетпегенде арманда. Академия фоесіндегі корифей актеріміздің түрлі рөлдерін бейнелеген портреттер галереясы көңілге қуанышты көңіл орнатады. Елімізде осындай театр саңлақтары мен кино майталмандары көп болғай...