QaraFest «Құпия агент» фильмін ұсынады: Қартаюдан қорқасыз ба?

Қартаюдан қорқасыз ба? Қартайғанда қайда барасыз? Енді қанша жыл өмір сүргіңіз келеді? Бір сәт осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрдіңіз бе? Егер тіпті ойлануға да қорқынышты болса, «Құпия агент» деректі фильмін көріңіз. Режиссері – Майте Алберди.
QaraFest «Құпия агент» фильмін ұсынады: Қартаюдан қорқасыз ба?

Себебі бұл фильм арқылы кейбірімізге қорқынышты болған әлемнің қыр-сыры ашылады, ондағы кейіпкерлердің жан дүниесіне үңілу арқылы ішкі қорқынышыңыз сейіледі. Біздің менталитет бойынша ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жіберген балаларға деген жеккөрініш сезімі ғана бар. Ал, ол ғимараттың ішіндегі тағдыр тәлкегіне түскен тұлғалардың ішкі сезіміне, өткеріп отырған оқиғаларына ешкім үңіліп көрген емес.

Фильмде кейіпкерлер өте көп. Кейіпкерлердің көптігі деректі фильмдегі шындықтың салмағын жан-жақты қамтамассыз етіп тұр. Сонысымен құнды, сонысымен терең. Себебі әрқайсысының өз жарасы, өз шындығы, орындалмай қалған арманы бар. Автор барлығының шешімін бас кейіпкер арқылы шешкісі келеді. Мейірім жетпегендерге жылы сөзбен шуақ шашады, іші пысқандармен әңгіме дүкен құрады, махаббаттан құр алақан қалғандарға жүрек түкпірінен орын ашады.

Фильм синопсисі бойынша чилилік тыңшы 8З жастағы Серхионы қарттар үйіне шпион болуы үшін жұмысқа алады, өйткені қарттар үйіндегі анасына ондағы қызметкерлер зорлық-зомбылық көрсетеді деген күмәні бар. Таза, әділ әрі әзіл-шыны аралас, шытырманға толы бұл фильм өмірдің ғажайыптарын тану ешуақытта кеш емес екенін түсіндіргісі келеді.

Картина «Оскар-2021» премиясының «Үздік деректі фильм» категориясына ұсынылған. Бұл деректің өзі фильм мағынасы мен түсіруші топтың кәсібилігінен барынша хабар беріп тұр. Кейіпкерлердің шынайы шығуы, белгілі бір драматургиялық желіге ұтымды құрылуы, режиссерлік көзқарастағы оңтайлы шешімдер, оператор жұмысының көрінісі барлығы ұштаса келіп, фильмнің көркемдің қырын арттырып, көрермен жүрегінен орын алуына септігін тигізетіні анық.

«Құпия агент» фильмін көремін десеңіз, QaraFest ұсынатын кинокөрсетілімдерге келіңіз.

23-28 қыркүйек аралығында «Арман» кинотеатрында QaraFest ұсынатын 10 халықаралық фильм көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль – qarafilmfest.kz алаңында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.

QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды бар. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі.

Көрсетілімдер Сорос-Қазақстан қорының және Нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.