XIV «Еуразия» ХКФ аясында соңғы баспасөз конференциясы театр режиссері, актер Сергей Пускепалиспен өтті. Конференцияның өту барысында, журналисттердің біріне Сергей қазақстандық актерлармен түсірілім тәжирибесі жайында пікірін білдірді:
«Алтын орда» түсірілімі кезінде, маған сіздердің Мәди Санжар, Аружан Жазылбекова есімді актерларыңызбен жұмыс жасау бұйырды. Олармен бір алаңда жұмыс жасау – тамша ләззат. Олар таңқаларлық балалар. Өте жарқын және ашық. Олармен әңгімелескеннен кейін, бүкіл Қазақстанмен дос болғың келеді.
Сонымен қатар, Сергей КазНУИ студенттерімен өткен шығармашылық кездесуден алған әсері жайында ой бөлісті:
«Сіздердің студенттер өте белсенді, өте көп қызықты сұрақтар қойды. Және де мені тақ қалдырған кештің модераторы – Ермек Шынарбаев. Ол кездесуді шебер ұйымдастырып, студенттердің сұрақтарына аса құзіретті жауап бере алған, тамаша адам.»
XIV ХКФ «Еуразия кинофестивалінің аясында өткен «Eurasia Meetings» ресейлік киносценарист және актер Павел Финнің қатысуымен өтті. Шебер жақсы сценарий жазудың кейбір сырларымен бөлісті.
«Кез келген жаста жазып бастауға болады. Бұл аса маңызды емес, бастысы бұл іске махаббат пен кірпияздықпен кірісу керек. Сонымен қоса, кез келген уақытта, кез келген жерде қызықты сәтті ұстап қалуға тырысқан абзал. Үнемі дайын болу. Егер қызықты ой келген болса бірден блокнотқа немесе диктофоға жазып алыңыз. Кітап оқығанда, өздеріңіздің көңілдеріңіз шығған жерлерін міндетті түрде жазып алыңыз. Бұған көп уақытыңыз кетуі мүмкін, бірақ маған сенетін болсаңыз, соңғы нәтиже көңілдеріңізден шығары сөзсіз. »
Сеценарий жазудан бөлек, Павел өткен өмірін еске ала отырды:
«Мен университетті 1957 жылы бітірдім. Бұл кеңес киносында: Тарковский, Шукшин және тағы басқа режиссерлар жұмыс жасап жатқан алтын кезең еді. Сол кездері мен параққа түрлі сахналарды жазып, бәрін бір қатарға қойып сценарий жазушы едім.»
Кездесудің соңында Финн студенттерге көп оқып, көп үйренсін деген кеңес айтып, «Но кто мы и откуда» атты кітабын сыйға тартты.
Орталық Коммуниациялар қызметі алаңында XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің өту барысына арналған брифингі өтті. Брифингіге «Еуразия» ХКФ-нің Президенті Айман Мұсақожаева, Италияның мәдениет министрлігінің өкілі Стабиле Роберто, Токио халықаралық кинофестивалінің директоры Такео Хисаматсу, 71 Канн кинофестивалінде «Айка» фильміндегі рөлі үшін Ең үздік әйел рөлі сыйлығын иеленген Самал Есләмова, кино және театр актерлері Милош Бикович пен Сергей Пускепалис қатысты.
Брифинг барысында спикерлер «Еуразия» кинофестивалінің жылдан-жылға беделге ие боп, өзінің алға қойған мақсатының орындалуына, «А» санатындағы кинофестивальдер қатарына енуге жақындап келетінін атап, биылғы Кинофестивальдің өту барысына тоқталды. Сондай-ақ фестиваль ұйымдастырушыларына осы жылғы фестиваль қатысушыларының географиялық аймағының кеңейгені мен жоғары дәрежедегі ұйымдастырылуына алғыстарын білдірді.
Күнделікті таңғы сағат 9:00-ден «MegaSilkWay» және «Хан Шатыр» СОО-дағы «ChaplinCinemas» кинотеатрлар желісінде фестиваль фильмдерінің көрсетілімі жалғасуда екенін естеріңізге саламыз.