Қазылардың берген бағасы бойынша жеңіске жеткен байқау лауреаттары:
«Флейта» номинациясы
II премия - Елибаева Хадиша (Астана)
III премия - Солтыханова Роза (Астана)
«Гобой» номинациясы
I премия - Жайлаубаев Алмат (Астана)
II премия - Алиев Ислам (Астана)
III премия - Абдрахманова Лилия (Астана)
«Кларнет» номинациясы
II премия - Дауткан Тлек (Астана)
«Фагот» номинациясы
I премия - Аширматов Олжас (Алматы)
II премия - Данабек Ерканат (Алматы)
III премия - Сапабеков Талгат (Алматы)
«Саксофон-Альт» номинациясы
I премия - Мусаипов Арухат (Алматы)
II премия - Бемм Артур (Алматы)
III премия - Мадениетов Мади (Алматы)
Байқау дипломанты атағын алғандар:
Даркенбаева Аружан (флейта, Алматы)
Данильченко Анна (кларнет, Алматы)
Даулет Толғанай (кларнет, Астана)
30 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында өткен байқаудың финалында жас музыканттар Моцарттың және Глазуновтың концерттік шығармасын «Қазақстан Камератасы» оркестрі мен Николас Краузенің сүйемелдеуінде орындады. Франциядан келген қазы осы кеште атақты «Қазақстан Камератасы» ұжымының дирижері ретінде өнер көрсетті.
«Осындай керемет байқауда қазылық еткеніме қуаныштымын. Үрмелі аспаптар арасында байқауда бірінші рет қазы болып отырмын. Бұған дейін де Францияда, Швейцарияда өткен конкурстарда төрелік еткенмін, бірақ олардың бәрі ішекті аспаптар байқауы болатын. Алматыдағы осы конкурстың қатысушыларының деңгейі өте жоғары екенін атап өткім келеді. Маңызы зор болғандықтан әрқайсының жіті дайындалғаны көрініп тұр. Байқау жас орындаушылардың болашағына үлкен септігін тигізетіні қуантады», - деді дирижер және әділқазы мүшесі Николас Краузе (Франция).
Жеңімпаздар байқаудың жабылуына арналған гала-концертте жарияланды. Гала-концертте байқау лауреаттары - Арухат Мусаипов, Олжас Аширматов, Хадиша Елибаева, Алмат Жайлаубаев және де К. Байсейітова атындағы ДБАРММО мектеп-интернатының BIG BAND-і (көркемдік жетекшісі Яков Хан).
Іс-шара қонақтары үшін байқау қазылары, Кристиан Элин (саксофон, Германия), Николай Попов (флейта, Ресей) және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов (кларнет).
«Өте ауыр бағдарламаларды дайындап, өз шеберліктерін жоғары талғамды қазыларға көрсеткен жастарды көру баға жетпес дүние. Қазақстанда талантты музыканттар мен үрмелі аспапта ойнайтын жастардың бары қуантады. Қаншама Қазақстандық композиторлардың шығармаларының байқауға қатысқан аспаптарда орындалғаны таңғалдырды. Және байқауға қатысу үшін астанамыздан қаншама мықты музыканттардың келгені қуантты», - деп атап өтті Б. Шөкенов атындағы қордың қамқорлық кеңесінің төрағасы Бауыржан Шөкенов.
Гала-концертке Батырхан Шөкеновтың саксафон класы бойынша ұстазы, 92 жасқа келген белгілі музыкант Яков Матвеевич Ткаченко келді.
Байқау Болат Өтемұратов қорының қолдауымен, Батырхан Шөкенов атындағы қордың көмегімен өтті. Барлығы 16 мен 32 жас аралығында 43 орындаушы қатысты. Олардың қатарында музыкалық мектеп оқушылары мен студенттер және кәсіби музыканттар бар.
Болашақта конкурстық бағдарламаға басқа да үрмелі және ұрмалы аспаптар қосылады деп жоспарлануда.